- Негізгі бет
- Сымбат
- Сүйретпе биік өкшелі...
Сүйретпе биік өкшелі аяқ киімнен де қауіпті
Арулар биік өкшелі аяқ киімнің денсаулыққа қауіпті екенін жақсы біледі. Бірақ вьетнамдық сүйретпенің залалы биік өкшеден де асып түседі екен. Ыңғайлы, сәнді аяқ киімге қызықпайтын қыз жоқ. Әсіресе, жаздың ыстық күндері сүйретпеден басқа аяқ киімді таңдамаймыз да. Ал дәрігерлер бұл аяқ киімді күнде кимеу керектігін айтып, дабыл қағуда.
Біріншіден, вьетнамдық сүйретпе киген кезде аяқ түгел дерлік ашық тұратындықтан, инфекция жұқтыру мүмкіндігі ұлғаяды.
Екіншіден, башпай жинақы тұрмайтындықтан, әр қадам басқан сайын башпайға артық күш көп түседі.
Үшіншіден, бұндай сүйретпені күн сайын кисеңіз, аяғыңыз құрғап, әрін жоғалтады.
Төртіншіден, табаны тым жұқа болғандықтан, аяқты жарақаттап алу оңай.
Сондықтан вьетнамдық сүйретпені анда-санда киіп тұрыңыз.
М. Оңғарова