- Негізгі бет
- Сымбат
- «Сусылдаған» шаштар ...
«Сусылдаған» шаштар
Күнделікті шашқа арналған гель қаншалықты зиян екенін айтпаса да түсінікті. Алайда оны алмастыратын құрылғы жоқтай көрінеді. Дегенмен табиғи заттардан жасалатын шашқа арналған құрылғыны қолдан жасап алуға да болады екен.
Ол үшін бір үлкен лимонды алып, жақсылап жуып, қабығымен қоса барынша ұсақтап тураймыз. Бір литрдей су құйып, отты басып, суы жартылай тартылғанша қайнатамыз. Кейін суытып, бірнеше қабатталған дәкеден сүзгілеп өткіземіз. Алынған сұйықтық бұзылып кетпес үшін 50 грамм арақ құямыз. Нәтижесінде иісі жағымды лосьон шығады. Дымқыл шашқа саусақтарымызбен жағамыз да (түбіне жағып қажет емес), фенмен қалыпқа келтіреміз. Шашыңыз сусылдап, әдемі болып жарқырап тұрады және осы қалпын ұзақ сақтайды. Лактың да қажеті жоқ. Сонымен қатар, бұл сұйықтық шаштың берік болуына ықпал етеді.
Сурет: newscase.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina