Кез келген қыз бала шашының әдемі және күтімді болғанын қалайды. Шаш ұзаққа дейін сау болып қалу үшін оны дұрыс күтіммен және дәрумендік терапиямен қамтамасыз ету керек. Бұл процедура шаштың қалпына келуіне ықпал етеді, оған қалыңдық пен табиғи жалтырлық сыйлайды. Шашқа көмектесудің ең қарапайым әдісі — сусабынға дәрумендер қосу. Сусабынға қандай дәрумендер қосуға болады?
Әдетте, дәрумендердің дәріханаларда ампула түрлері сатылады. Әр жаңа ампуланы бас жуар алдында ғана ашу керек. Ампуланы сусабын ыдысына құйып жібермей, оны тек қазір жуатын сусабын мөлшерімен алақанда араластырған дұрыс. Дәрумендік терапия процедурасы қажет әсер беруі үшін құрамы бейтарап сусабындар таңдаңыз: сусабында силикондар, бояғыштар және консерванттар болмауы тиіс. Мамандар сусабынға дәрумендерді аптасына 2 реттен артық қоспауды және бір айдан тұратын курспен пайдалануды ұсынады.
В1 дәрумені
Ағзада бұл дәруменнің жетіспеушілігін шаш сынғыштығы мен құрғақ бас терісі көрсетеді. В1 дәрумені зақымдалған шашты қалыпқа келтіруге және шаш түйіншесін қатайтуға көмектеседі. Сондай-ақ ол қайызғақтан арылтады.
А дәрумені (ретинол)
Ретинолдың жетіспеуінен шаш өз күшін жоғалтады және түсе бастайды, ал бас терісі қабыршақтанып, қышиды. Шаш жағдайын жақсарту үшін А дәруменін тек сусабынға емес, сондай-ақ кондиционерге немесе бальзамға қосуға болады. Егер бас терісі майлануға бейім болса, ретинолды маскаға қосқан жөн және шаш түбіне жақпаған дұрыс. Ретинолды күтім құралдарына қосу арқылы шашқа жылтырлық пен көлем сыйлайсыз және оны бос радикалдардың әсерінен қорғайды.
В2 дәрумені
Егер шаш сынғыш болса және жиі түсетін болса, күтімге рибофлавин немесе В2 дәруменін қосқан дұрыс. Бір ампуланы сусабынға, бальзамға немесе маскаға қосуға болады. В2 дәрумені шашты қатайтуға көмектеседі, оның өсуін ынталандырады және оны сыртқы факторларға төзімді етеді.
Е дәрумені
Бұл дәрумен көптеген шаш құралдарының құрамына кіреді. Ол шаштың түсуімен күресіп қана қоймай, бас терісі жасушаларының жаңаруына ықпал етеді және қанның құйылуын арттырады. Е дәрумені қайызғақтан арылуға көмектеседі. Егер бас терісі құрғақ болса, оны сусабынға, ал егер бас терісі майлануға бейім болса, оны тек маскаға қосу керек.
В12 дәрумені
Ағзаға В12 дәрумені жетіспесе, шаш түсе бастайды және сұлулығын жоғалтады. Сусабынға дәруменнің бірнеше тамшысын тамызып, шаш құрылымын жақсарта аласыз, қайызғақтан және бас терісі құрғақтығынан арыласыз.