Кей бойжеткен бас терісінің тазалығын және бұрымның балғындығын сақтау үшін сусабынды ас содасымен бірге қолданады. Мұндай әсер шашқа зиян емес, себебі көмір қышқылды натрий зақым келтірмейді. Шаш майлануының жоғарылығымен қиналатын адамдарға ас содасының өзін немесе сусабынмен бірге қолданса да тиімді. Төменде ас содасы бар сусабынның пайдасы мен ерекшеліктерін ұсынамыз.
Бас терісіне арналған скраб
Көптеген дереккөздерде құрамында көмірқышқылы бар натрийді жекеше қолдануды ұсынады, алайда ластануды кетіруде ас содасы мен сусабынның қосындысы тиімдірек. Күнделікті жуатын сусабын мөлшеріне 1 шай қасық ас содасын қосыңыз. Бұл әдістің нәтижесінде шашыңыз тазарып қана қоймай, бас терісіне скраб ретінде де жақсы әсер береді. Бас терісіндегі өліп қалған бөліктер табиғи жолмен түсіп қалады. Мұндай тазалаудан соң тері толық дем алады. Скрабты уақытылы қолдансаңыз, терідегі қан айналымы да ретке келеді.
Шашқа көлем беру
Шашқа көлем беретін арнайы құралға аздап ас содасын қосып, жақсылап араластырыңыз. Сол құралмен шашыңызды жуып, кептірсеңіз, көлемі ұлғайғанын байқайсыз.
Мөлшер
Жақсы нәтижеге жылдам қол жеткізу үшін ас содасының мөлшерін көбейтудің қажеті жоқ. Бір қолданысқа 1 шай қасық ас содасы жеткілікті. Егер шашыңызды бірнеше рет жуу керек болса, сусабынға тағы да ас содасын қосып процедураны қайталауға болады.
Ерекшеліктері
Ас содасы барлық сусабынға сәйкес келе бермейді. Шашқа арналған сусабынның табиғи негізде жасалған түрлерін таңдаған жөн. Шашқа арналған құралдарды сатып аларда оның құрамында парабен, фосфат секілді химиялық компоненттер пайызының аз болуын тексеріңіз. Ас содасын сусабынның көп мөлшеріне араластырып қоймаңыз. Әрбір шаш жуар алдында бір қолданатындай етіп қана араластырып, дайындап алыңыз.
Кері әсер
Ас содасы бар сусабынның шашты құрғатып жіберетін қаупі бар. Егер шашыңыздың ұшы өте құрғақ болса, мұндай әдістен бас тартыңыз немесе абайлап қолданыңыз. Ас содасы бар сусабынның шаш бояуын кетіретін және аздап ақшыл өң беретін қасиеті бар.