Сұлуынан, жылуы

Бас киім – сәнделген шаштың қас жауы. Алайда қыста бас киімсіз жүру денсаулыққа қауіпті. Біз ондай сұлулыққа қарсымыз. Оның үстіне, бас киім астында басылып қалған шашты қайта көтеру соншалықты қиын емес. Біздің кеңестерімізге құлақ түріңіз.

Ішінде мақталы матадан жасалған қабаты бар бас киім таңдаңыз. Сонда шашыңыз қатты электрленбейді. Сөмкеңізге тарақ, шашқа арналған лак пен кішкентай сауыттағы арнайы сарысуларды салып қойыңыз. Бас киіміңізді шешкеннен кейін, басыңызды еңкейтіп, 30 секундтай шашыңыздың түбін желкеден маңдайыңызға дейін жақсылап уқалаңыз. Осылайша шашыңыздың көлемін қалпына келтіріп, бас киім астында басылып қалған жерін тез түзеп аласыз.

3. Енді басыңызды тік ұстап, барлық шашыңызды қолыңызбен жоғары көтеріңіз. Осылай ұстап тұрып, шаш түбіне кішкене лак шашу қажет.

4. Егер осыдан кейін де, шашыңыздың «бас киімге дейінгі» көлемі қалпына келмесе, шаш түбінен бірнеше бұрымды кері түтіп тарап қойыңыз.

5. Түтіп тараудан кейін шаш дүрдиіп тұрмай, тегіс жатуы үшін, шаштың ұшына арнайы сарысу шашу керек.


6. Егер бас киім Сізге сәл үлкендеу болса, сәнделген шаш аз бүлінеді. Және оны шешкенде, маңдайыңызда із қалмайды.

Суреттер stylecaster.com, mahalo.com, goodwoman.ru, schwarzkopf.ru, domashniy.ru сайттарынан алынған