Сұлулықтың күзетшілері

Сұлулықтың күзетшілері

Әдемі болып көріну — өнер. Бұл өнерді үйрену қиын емес. Сұлулық – біреулерге қол жетпес арман. Ол алыс емес, қол созсаңыз болғаны... Қалай дейсіз бе? Арман мен өнерге қызмет ететін "нөкерлермен" жақын танысыңыз...

1. Жұмыртқа ақуызы – тері тесіктерін азайтушы.

Жұмыртқа ағынан жасалған маска бетті жаңартып, саңылаулардың азаюын қамтамасыз етеді.

2. Сұлы қауызы – ылғалдандырушы.

Жалпы сұлы өзінің нәрлендіруші қасиетімен танымал. Оның әсерін күшейте түсу үшін мынадай қоспа жасаңыз: аз ғана балды, лимон шырынын сұлы қауызына араластырыңыз. Бұл маска теріні тыныштандырып, ылғалдандыра түседі. Бір шымшым сұлы жармасымен бетті жууға да болады. 

3. Тағамдық сірке суы – жылтыратушы.

Кондиционер орнына айына бірнеше рет сірке суын пайдаланатын болсаңыз, шашыңыздың бұрынғыдан да жақсара түсіп, жылтырай бастағанын байқайсыз.

4. Бал мен қант – теріні нәрлендіруші, бекемдеуші.

Қант пен балды араластырсаңыз, денеге арналған скраб пайда болады. Қоспа теріні артық заттардан арылтып, бекем етеді, нәрлендіреді.

5. Лимон – ашық рең беруші.

Егер шуақты күндері шашыңыздың бұрымына ашық рең бергіңіз келсе, лимон шырынын сумен араластырып, дайын болған қоспаны үнемі жағып тұрыңыз. Бірқатар қыз-келіншектер лимон шырынын терідегі пигменттік дақтарды кетіру үшін пайдаланып жатады. Сезімтал теріге ие адамдарға лимон шырынымен абай болу керек. 

6. Кофе – целлюлиттің жауы.

Ұнтақталған кофе теріге арналған скраб қызметін атқара алады, әсіресе целлюлиттің алдын алу шаралары үшін таптырмас қоспа саналады.

7. Шәй қалталары – көздердің күзетшісі.

Пайдаланылған шәй қалталарын 10  минут көзге қоятын болсаңыз, ғажайып орын алып, көздеріңіз бұрынғыдан да ерекше жайнай бастайды және жанарлардың шаршауы басылады.

8. Аспирин – теріні тазалаушы.

Аспирин таблеткаларының бірнешеуін ұнтақтап, балға араластырыңыз. Көзге тигізбестен бетке жағыңыз да, 10 минутқа қалдырыңыз. Теріңіз жаңарып, қызарған дақтар жоғалып кетеді.

9. Зәйтүн майы – дымқылдандырушы.

Зәйтүн майы – табиғи құрал, оның қымбат болатындығы да осы себептен. Бал мен зәйтүн майы қосылған маска шашқа өмір сыйлайды, ал денеге арналған скрабқа қоссаңыз, емдік қасиетін сезінесіз. Зәйтүн майымен көздегі макияжды кетіруге болады, ол косметиканы ерітіп, теріні дымқылдандырады.



10. Ас содасы мен құлпынай – тіс күзетшісі.

Бір тал құлпынай мен жарты шәй қасық ас содасын ботқа қалпына жеткенше араластырыңыз. Қоспаны тіс щеткасына жағып, 5 минут бойы тісті ысқылаңыз. Сонан кейін, тісті қарапайым тіс пастасымен қайта жуасыз. Бұл әдісті аптасына 1 рет қолданатын болсаңыз, тісіңіз аппақ маржандай болатынына кепілдік бере аламыз. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: coffeet.ru, vk.com