Қыздар, көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, енді әр таңда бет макияжын жасап жатпайтын боласыздар. Енді әр кеште сұлулықтарыңызды сақтап қалу үшін пластикалық хирургияға жүгінбейсіздер. Енді сіздер қытайлық шебер Жуойингу Лидің бет маскасын сатып аласыздар.
Сұлу болып қалғысы келетін нәзік жандарға Ли мырза өзінің жеке альтернативті жобасын әзірлеуде. Uniface маскасы. Үлкен көз, ұзын кірпік, жіңішке мұрын және сүйкімді иек - осының бәрі Uniface маскасының ұсынар өнімі.
Ли мырзаның қол астындағы зерттеуші-ғалымдар адам терісіндей нәзік әрі жұқа маска жасау жолында "бионикалық тері" технологиясын дамытуда. Маска мен тері байланысын түзетін арнайы желімнің көмегімен адам оны еш сезілмеген күйі бетіне кие алады. "FDA G.R.A.S" қауіпсіз материалы адамға бар тұста қолайлы бола отырып, сөйлеуге, ым-ишара жасауға, тіпті, ұйықтап тұруға мүмкіндік бермек.
Қолданыстан кейін масканы Uniface кәсіби емханасының мамандары алады. Егер алда-жалда жайсыздық сезілер болса, онда мамандар бір ай ішінде тегін алып беруге уәде етеді. Бірінші ай өткен соң, "екінші бетті" 59 долларға сатып алуға болады екен. Бет арнайы сабынмен жуылады.
Uniface келешекте жаңа маска түрлерін шығаруға ниетті. Бүгінгі таңдағы бағасы - 399 $.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: felbert.livejournal.com