Бүгін 9 қыркүйек халықаралық сұлулық күніне орай, Жұлдыз FM әуетолқынының «Таңғы шоу» бағдарламасында «Сұлулық, ақылдылық, байлық – қайсысын таңдайсыз?» тақырыбы қозғалды. Тікелей эфирге хабарласқан көпшілік «байлық болса, жоқ сұлулықты қолдан жасап алып, ақылдыларды пайдаңа жаратасың» деген пікір білдірді. Сұлулық десе – көзімізге талшыбықтай бұралған қыз баласы елестейді. Олардың түрлі операциямен, рәсіммен (процедура) аяқтарына дейін түзетіп алатыны радиода сөз болды.
Ал біз ақыл болса, байлық қол созым жерде, ал жасанды сұлулықты да жөнімен жасар едік дегіміз келеді. Сонымен қатар атаулы күнде сұлулық туралы қызықты деректерге қаныға жүріңіз.
Адамның беті оң жағынан емес, сол жағынан қарағанда әдемірек көрінеді.
Қатардағы жұмыскерлермен салыстырғанда, түрі тартымды адамның (әсіресе, жігіттердің) жалақысы 5 пайыз артық болады екен.
Адам жеке түскен суретіне қарағанда, топтық суретке сәтті және әдемі боп түседі.
Әлемдегі ең ерекше де қызықты сұлулық байқауы Біріккен Араб Әмірлігінде өтті, онда ең сұлу түйе таңдалды.
Ер адамдарға ең дұрыс дене пішіні – 98-78-56.
Әлі күнге нағыз сұлулық осындай болуы керек деген үлгі жоқ. Себебі ол субъективтік ұғым. Әр кезеңге тән өз сұлулығы бар.
Әйелдер мүсіні жағынан 10 пайызы ғана құм сағат пішінді.
Қытайда ер азаматтың келбеттілігі – қалың сақал-мұртымен бағаланған.
Ұлыбританияда табиғи сұлулық тым жоғары бағаланады.
Жапон қыздары тегіс төсті, аққу мойынды, қысқа да қисық аяқты болуымен сұлу. Сонымен қатар жапондар жиырма жасқа жетпеген қызды әдемі санайды.
Үнді фильмдерінен көретін қыздарымыз көбінесе бөксесі жалпақ, төсі үлкен, терісі ақшыл, бет келбеті түзу, шашы ұзын болады. Міне, үнді халқы үшін дәл осы сипаттарға сай қыздан асқан сұлу жоқ.
АҚШ-та барби қуыршағын алуға тыйым салу туралы сөз қозғалды. Себебі қыздар ойдан шығарылған келбетке еліктеп, психикасы бұзылады.
Түркияда шашы ақшыл, көз көк бойжеткен даусыз әдемі деп есептеледі.
XVIII ғасырда франуцз қыздары қасын толығымен қырып алып тастап, орнына тышқан терісін жапсырған.
Мұсылман қыздарына қасын жұлуға қатаң тыйым салынған.
Сырт келбеті көрікті кісілер өзгелерге қарағанда өзін бақыттырақ санайды.
Әйел заты ер адамның көрікті-көрікті емес екенін сырт көз сынышылардың пікіріне қарап бағалайды.
Жігіттердің ойынша әдемі қыздар бортсерік қыздар арасынан көп кездеседі.
Пластикалық операциялар ішінде әлем бойынша ең көп жасалатыны – липосакция, яғни денедегі артық май қабаттарынан құтылу.
Ал ерлер жасататын пластикалық операция бойынша, ринопластика, яғни мұрынды түзеу бірінші орында тұр.
Қытайда тырнағы ұзын қыздар ақылды саналады.
Майя ұрпақтары арасында көзі қылилық – сөзсіз сұлулық белгісі саналған.
Қытайда аяғы кішкене қыздар – сұлулық символы саналған. Олар қыз бала туған бойда өкшесін кесіп тастайды.
Көрікті адам сөйлеп тұрғанда, халық оны тез түсінеді. Себебі бетіне мұқият қарап отырады.