Сұлулық сыры: Куркума қосылған рецепттер

Сұлулық сыры: Куркума қосылған рецепттер
Фото: create.vista.com

Куркума — куркума өсімдігінің ұнтақталған тамыры. Біз үшін ол ас дайындауда жиі қолданылатын дәмдеуіш, ал көптеген шығыс елдерінде оны косметологияда белсенді пайдаланады. Бұл «алтын ұнтақ» антиоксиданттық және антисептикалық әсерге ие. Ендеше, жастық пен сұлулық сыйлайтын рецептілер ұсынамыз.

Ағзаны тазартатын коктейль
Бұл қызғылт-сары коктейль ас қорыту проблемаларынан және безеуден арылуға көмектеседі. Ол ағзаны уыттардан тазартады. Оны дайындау үшін отқа қоюға болатын ыдысқа 500 мл кокос сүтін құйып, оған 1 шай қасық куркума мен зімбір тамырының кішкене бөлігін салыңыз. Барлығын араластырып, сусынды бірнеше минут қайнатыңыз. Содан соң отты сөндіріп, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Сусын осы күйде 10 минут тұруы керек. Содан соң оны іше беруге болады. Егер дәмі ұнамаса, аздап бал қосып ішуге болады.

Бетке арналған маска
Мұндай маска теріні жақсы ылғалдандырады және қоректендіреді. Сондай-ақ ол эпидермистің жоғарғы қабаттарынан уыттарды шығарады. Алайда оны тек табиғи балдан дайындау керек. 1 шай қасық балды 1 шай қасық куркума ұнтағымен араластырып, бет терісіне жағыңыз. 3-4 минуттан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

Шашқа арналған кондиционер
Бұл кондиционер шашты күтімді көрсетеді және бас терісін жақсы ылғалдандырады. Зәйтүн майына аздап куркума қосып араластырыңыз. Оны шашқа және бас терісіне жағып, 20-30 минут ұстаңыз. Содан соң оны сусабынмен жуып тастайсыз.

Ванна
Қызғылт-сары ваннаға түсу біртүрлі көрінуі мүмкін. Оған қоса, тері аздап осы түске боялуы да мүмкін. Алайда уайымдамаңыз, сабындап жуынған кезде ол кетеді. Есесіне, мұндай ваннадан шыққан кезде теріңіз нәзік әрі жұмсақ болады. Ол үшін ваннаны жылы сумен толтырып, оған жарты стақан куркума салу керек. Осы суда 15-20 минут жату керек.

А. Жапатова