- Негізгі бет
- Сымбат
- Сұлулық сыры...
Сұлулық сыры
Сұлу болғыңыз келе ме? Ол үшін қымбат косметикалық дауалар мен сәнді киім керек деп ойлайсыз ба? Жоқ. Сұлу болу үшін жай ғана өзіңізді іштей нағыз сұлу сезінуіңіз керек. Бір-ақ сәтте сергіп, нағыз ханшайым болыңыз.
- Арқаңызды тік ұстаңыз! Түзу арқа - өзіне сенімді адамның бірден-бір белгісі. Арқаңыз түзу болғанда, денеңіз де әдемі көрінеді. Ішіңіз тартылып, сымбатты көрінесіз.
- Күлімдеңіз! Жаныңызды кейбір мәселелер мазаласа да, жымиып жүруге тырысыңыз. Бұлайша сіз басқаларға жылы келбетті адам болып көрінесіз және уақыт өте өзіңіздің де көңіліңіз көтеріле бастайды. Жайдары көңілді ару әлбетте сымбаттырақ көрінеді.
- Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз. Өзіңіздің ең сүйікті деген әндердің плейлистін қосып демалыңыз. Мейлі ол поп-әндер, ретро әуен не ауыр рок болсын, ән көңіліңізді көтерсе болғаны.
Сіз шын мәнінде әр кез сұлусыз! Осыны ұмытпаңыз. Сіздің сұлулығыңыз макияж бен брендті киімде емес, ішкі жан дүниеңізде, өзіңізге деген сенімділікте!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com