Жаз – демалыс пен жағажай маусымы. Яғни шомылу киімі, жұқа көйлектер киілетін кезең ғой. Демек, мүсініңізге мән беріп, мінсіз болуыңыз керек емес пе?!
Егер де өзіңізді қолға алып, әлдебір диета бастай алмай, жаттығу залына бара алмай жүрсеңіз, біздің кеңестерімізге назар аударыңыз. Сұлулықтың құпияларынан хабардар болыңыз.
Бастысы – психологиялық икемделу. Өзіңізге сеніміңізді арттыратын, жігеріңізді жанитын сөздер айтыңыз. «Қолымнан келеді, кімнен кеммін?!» дегеннің өзі адамға күш-қуат беріп, алға жетелейді.
Тамақтан кейін сұйықтық ішпеуді әдет қылыңыз. Тойып тамақ жегеннен соң артынан шай-су ішу асқазанға ауыр тиеді, әрі қабырғаларын созып, кеңейтіп жібереді.
Бұлшық еттердің прессі үшін жасалатын жаттығулар майды кетірмейді. Жаттығудан пресс пайда болуы болар, бірақ май қабаттарының астында қалады. Егер қарындағы майдан арылғыңыз келсе, ішіңізді үнемі ішке тартып, бұлшық еттерін ширатып жүру керек.
Тамақты аз-аздан және жиі ішкен дұрыс. Дұрысы, әр 3 сағат сайын, күніне 5 уақыт, күнделікті белгілі бір мезгілде тамақтану.
Монша мен саунаның артық салмақтан арылуға еш пайдасы жоқ. Олар тек ағзадағы суды сыртқа шығарады. Ал ол су екі сағаттан кейін қайта орнына толығады.
Кешкі сағат төрттен (16:00) кейін ақуыздық тағамдарды ғана жеген дұрыс. Ал көмірсулар түстен кейін майға айналады.
Күнделікті таңертең ыстық-суық (контрастный) душ қабылдауды әдетке айналдырыңыз. Ол қан айналымын жақсартып, метаболизмді жылдамдатып қана қоймай, артық майды «жазып», бет терісін жақсартады.
Тамақты асықпай, дұрыстап шайнап жеу керектігін ешқашан ұмытуға болмайды. Бұл метаболизмді жылдамдатып, калорияның тезірек «жойылуын» қамтамасыз етеді.
Аяқты жан-жаққа сермеу – санға таптырмас жаттығу.
Тамақ ішкенде теледидарға қарап, не кітап, телефонға үңіліп отыруды доғару керек. Орындыққа арқаны тік ұстап отырыңыз.
Тамаққа дейін және тамақтан кейін айнаның алдына барып, көйлегіңізді көтеріп, мүсініңізге бір қарап қойыңыз. Артық майды көргенде-ақ тәбетіңіз қашатынын психолог мамандар көптен бері айтып келеді.
Егер аяқ астынан қарныңыз ашып кетсе, шағын дене жаттығуын жасап жіберіңіз: 20 рет отырып-тұрып, 50 рет мейлінше жоғары секіріңіз. Мұны істеуге ерінесіз бе? Ендеше, ванна қабылдаңыз. Бастысы, тамақ туралы ұмытсаңыз болғаны.
Дене жаттығуларын күнделікті жасап тұру керек.
Күнделікті таңертең аш қарынға 2 стакан су ішіңіз.
Таңғы асты тойып ішңіз. Ол бүкіл күнге қуат болмақ.
Су – ең бірінші серігіңіз. Аз-аздап ұрттап, мейлінше көп су ішуді әдет қылыңыз.
Кофе, темекі, алкоголь, газдалған сусын, чипсы, майонез, шұжық – ең басты «жауларыңыз».
Жаңғақтар мен майлар ағзаға керек-ақ, бірақ оларды мөлшермен қолдану қажеттігін ұмытпаңыз.
anabol.kz