Кейде өзіңізге күтім жасасаңыз да, күткен нәтижені бермейді. Ол кей beauty-қателіктерден болуы мүмкін.
Кофе ішкен соң бірден тіс тазалау
Кофе, газдалған сусындар мен жемісті шырындардағы қышқыл немесе қант тіс эмалін «жеп» қоятыны рас. Бірақ сіз қышқыл тамақ немесе сусыннан соң бірден тіс тазаласаңыз, сол әлсіз эмальді алып тастайсыз. Оның орнына аузыңызды жай ғана сумен шайып, аз дегенде 1 сағаттан соң тазалаңыз. Алкоголь ішкен соң да алдымен ауызды сумен ғана шаю ұсынылады.
Құрғақ шашпен жүзу
Бассейндегі суда химиялық заттар бар: олар шашты зақымдайды және ашық түсті шашты жасыл реңкке айналдырады. Шашыңызды сорғыш деп ойлаңыз: егер бассейнге түспес бұрын шашыңызды краннан аққан суға сулап алсаңыз, ол бассейннен көп су сіңірмейді. Ал бассейннен шыққан соң шашыңызды бірден сусабынмен жуып алыңыз.
Өте көп немесе өте аз сусабын қолдану
Сусабын шашты бас терісінің табиғи майынан тазалайды. Егер сусабынды өте көп қолдансаңыз, шашыңыз күңгірт әрі құрғақ болып кетуі мүмкін. Ал сусабынды қаншалықты жиі қолдану шашыңыздың типіне байланысты. Жұқа әрі тіке шаш күнде жууды қажет етуі мүмкін. Бірақ сарапшылар мұндай шашты әр 2-3 күн сайын жуу керектігін айтады. Қалың әрі бұйра шашты бірнеше күннен 1 аптаға дейін жумауға болады. Шашыңыз жұмсақ болуы үшін кондиционер қолдануды ұмытпаңыз.
Мақта таяқшаларын қолдану
Мақта таяқшалары негізінде құлықты одан әрі итеріп тастайды. Оның үстіне құлақ жарғағын зақымдап алуыңыз мүмкін. Ағза құлықты өзі тазартып тұра алады. Сіз уақытылы жуып тұрсаңыз болғаны. Егер құлағыңыз бітеле берсе, оны дұрыс тазалауды дәрігерге тапсырған жөн.
Ыстық душтың астында ұзақ тұру
Ыстық су теріні құрғатып жібереді. Тері ауруы бар адамдарға ыстық суға түсу тыйым салынады.
Бет терісін уқалау
Бет терісін тазарту үшін оны уқалау міндетті емес. Бет терісіне саусақ ұштарымен жасалатын жеңіл массаж бен жұмсақ бет тазартушы құрал ғана керек. Бет терісін күніне бір немесе екі рет жылы немесе салқын сумен жуыңыз. Жуушы құралдың сыртын оқып, құрамында спирттің болмауын тексеріңіз.