Сұлулықты, сымбаттылықты сақтап қалу үшін мына кеңестерді пайдаланыңыз:
Әжімге қарсы
Әжім көп болса, жарты шай қасық ас тұзын бір стақан суда ерітіп, салқын күйінде бетті шаю керек. Сондай-ақ 50 гр иісмайға жарты шай қасық тұз қосып, бетке жағуға болады.
Тазартатын лосьон
Лимонды кесіп, үстіне қайнаған су құйыңыз. Бұл лосьон бетті тазартып қана қоймай, жұмсартатын да қасиеті бар.
Майсана майы
Аяғыңыз шаршаса, майсана майын ысқылап, жағыңыз. Содан соң мақтадан жасалған шұлық киіңіз. Таңертең аяғыңыздың терісі жұмсақ болып, ауыршаңдықтан да арыласыз.
Сурет: Бекзат Кадирбеков
Ұқсас жазба:
Сұлу болудың жеңіл жолдары