Кірпікке арналған тушь – декоративті косметиканың ішіндегі негізгі құралдардың бірі. Тушьтардың кірпікті ұзартатын, көлемін ұлғайтатын, дәруменді және суға төзімді сияқты қосымша әсер беретін түрлері бар. Және соңғысын әр әйел адам назарда ұстауы тиіс. Өйткені қыста қар жауғанда, немесе жазда жаңбыр кезінде қарапайым бояу ағып кетуі мүмкін. Суға төзімді тушьтың артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Суға төзімді тушьтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Түрлі маңызды шарада және, әсіресе, жағажайда демалу кезінде құлпырып жүру үшін суға төзімді тушьтың орны ерекше. Тушьтардың ішінде ең мықтысы - суға төзімді тушь деу артық, алайда жауапты сәттерде ең қолайлысы болып табылады.
Суға төзімді тушьтың екі түрі болады: Moisture-proof (аса берік тушь) ылғалға өте төзімді. Waterproof – ылғалға аздап берік тушь, бірақ қатты ылғалда ағып кетуі мүмкін. Мұндай тушьты күнделікті кеңседегі жұмысқа қолдануға болады. Ал жағажай немесе жаңбырлы күнге бірінші нұсқаны пайдаланған жөн.
Танымал маркалар мен брендтердің қарапайым тушьтарының аздап суға төзімді әсері болады.
Ең жақсы деген суға төзімді тушь химиялық зат – синтетикалық полимерден тұрады. Полимерлер кірпіктерді бір сәтте бояушы қабықшамен бүркеп, қатып қалады. Кірпіктерге ауа бармағандықтан, олар құрғап, сынғыш болады.
Суға төзімді тушьтың екінші кемшілігі – оның кремдер мен майларға реакциясы, оның ішінде табиғи тері майына әсері бар. Маймен байланысқанда тушь «ериді» және барлық қасиетінен айырыла бастайды.
Үшінші кемшілігі – суға төзімді тушьтардың құрамына кіретін зиянды заттар. Бұл өндіруші мен өнімнің сапасына байланысты. Зерттеулерге сенсек, көптеген маркалардың өнімдеріне никель, хром, оксид, темір сынды ауыр металлдар кіреді екен. Әсіресе тимеразол, тиомерсал, mercury немесе quecksilber сынды сынап қосылыстары өте зиян.
Тушьтың қорабы мен қосымша қорабында жазылған жазбаларды мұқият оқыңыз. Егер осы сияқты компоненттерді байқасаңыз, ауыр реакциялар тудырмау үшін бас тартқан жөн. Оның орнына құрамында дәрумендер мен протеиндер бар құралды таңдаған дұрыс.
Суға төзімді тушы бар макияжды қалай кетіру керек?
Суға төзімді тушьты кірпіктен кетіру оңай емес – егер мұны жаңбыр да, қар да кетіре алмаса, онда сізге де бой алдыра қоймайды. Қарапайым сумен немесе гельмен бояу кетпейді. Бұған макияжды кетіруге арналған екісатылы сұйықтық қажет. Бүгінде мұндай тауарды «Орифлейм», «Амвей», «Мэри Кей», «Гарнье», «Мейбеллин», «Жа-де» және «Буржуа» сынды көп компания ұсынады. Тушь және макияж кетіруге арналған құрылғы бір фирмадан болса, тіпті жақсы.