Кезекті демалыста саяхаттағанды ұнатамыз. Алайда шетелге шығуға көп мүмкіндік туа бермейді. Десе де Отанымызда құмымен ойнап, күнге қыздырынуға мүмкіндік беретін орындар бар. Достарыңызбен Қапшағайда көңілді кеш өткізсеңіз, отбасыңызға Алакөлге жолдама таңдауыңызға болады. Бұдан кейінгі мәселе - су киімін таңдау. Олай болса, кезекті материалымызда су киімін дене пішініне сай таңдау мәселесіне тоқталайық.
Әр адамның дене пішінінде өзіне ғана тән ерекшеліктер болады. Су киімін сол дене пішініне сай етіп таңдаған жөн.
Алма пішінді қыздарға сай келетін су киімдері:
- танкини су киімі;
- қалың аспа бауы мен белді жауып тұратын плавки;
- вертикалды суреттері бар, үстіңгі және төменгі бөлігі біріккен су киім;
- белді толықтай жауып тұратын плавкиі бар су киім.
Ал төмендегі нұсқаларды керісінше кимегені жөн:
- көлденең суреттері бар;
- ашық түсті;
- асыл тастар жапсарланған су киім.
Алмұрт пішінді қыздарға сай келетін су киімі:
- үстіңгі және астыңғы бөлігі бөлек тұратын;
- плавкиі біртүсті, жоғарғы бөлігі түрлі түсті;
- горизонталды суреті бар;
- әшекей бұйымдар жапсарланған;
- мойын бөлігі V әріпіне ұқсас, аспа бауы қалың су киім.
Ал төмендегі нұсқаларды керісінше кимегені жөн:
- шолақ шалбар;
- жарқын түсті плавки;
- көлденең суреті бар плавки.
Төңкерілген үшбұрыш пішінді қыздарға сай келетін су киімдері:
- біріккен, жоғарғы және төменгі бөлігі бөлінген модельдер;
- мойын тұсы V-ға сәйкес келетін модельдер;
- аспа бауы байланатын;
- мойын тұсы доғал болып келетін;
- түрлі суреті мен әшекейі бар модельдер.
Ал төмендегі нұсқаларды керісінше кимегені жөн:
- плавкиіне қарағанда, көкірекшесі жарқын түсті су киім;
- перделенген, көкірекшесінде түрлі суреті бар су киім.
Тіктөртбұрыш пішінді қыздарға сай келетін су киімдері:
- push-up;
- көкірекшесінде желбіршегі бар;
- көкірекшенің ортасында тұратын темірлері бар, бант;
- аспалы бауы байланатын су киім.
Ал төмендегілерді керісінше кимегендері жөн:
- спорттық үлгілер;
- біртүсті танкини.
Жоғарыдағы кеңестерге жүгіну арқылы дене пішініңізге жарасатын су киімін таңдай аласыз. Жазғы демалыстарыңыз қызықты өтсін!