- Негізгі бет
- Сымбат
- Солярийдің пайдасы мен...
Солярийдің пайдасы мен зияны туралы
Табиғи күнге күю мен соляридің айырмашылығы қандай? Олардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян? Теріге зияны тимес үшін не істеу керек? Кезекті материалымызда осы сұрақтарға жауап береміз.
Адам терісі солярийде қалай күйеді?
Солярийдегі ультра күлгін сәуленің арқасында терінің бетінде меланин пигменті бөлініп шығып, теріні күнге қыздырынғандай етіп көрсететін түске бояйды.
Ультра күлгін сәулелер табиғи жолмен күннен бөлінсе, жасанды жолмен кварц шамдары арқылы бөлінеді.
Кварц шамның ішінде сынап бар, ол электр зарядының арқасында шамды жарқыратады.
Табиғи күнге күю мен солярийдің қандай айырмашылығы бар?
Күн сәулесі жарқырап тұрған кезде ультра күлгін сәулелер «В» типіндегі сәулелерді бөлсе, солярий дәл осындай процесс барысында терінің терең бөліктеріне дейін әсер ететін сәулелер бөліп шығарады.
Күн сәулесімен салыстырғанда солярий теріні қатты кептіріп, құрғатады. Мұнымен қатар қартаюды тездететін бос радикалдардың пайда болуына әсерін тигізеді.
Солярийдің пайдасы мен зияны
- Жиі ауыратын адамдарға пайдалы;
- Бронх, өкпе ауруларымен ауыратын адамдарға пайдасы зор;
- Күн сәулесі түспейтін адамдарға, терінің қалыпты күйін сақтау мақсатында қолданылады;
- Ағзаға D дәрумені жетіспеген жағдайда;
- Бет безеулеріне қарсы қолданылады;
- Сүйек сынғанда және ұзақ уақыт бойы жазылмай жүрген жараларға пайдалы.
Солярийге баруға болмайды:
- Күрделі аурулар түрімен ауыратын адамдарға;
- Ағзаның бір жері жарақаттанып, қанаған жағдайда (етеккір кезінде);
- Қаназдықпен ауырсаң;
- Ісік ауруымен ауырған жағдайда;
- Өкпе ауруы (туберкулез);
- Атеросклероз;
- Астма;
- Қан ауруы;
- Тері күн сәулесіне сезімтал болған жағдайда.
Қыстыгүні тас төбеде күн жарқырап тұрмайтындықтан, оны солярий алмастырып, осы маусымға тән күйзеліспен күресуге көмектеседі.
Ультра күлгін сәуленің арқасында терінің оттекпен тыныс алуы жақсарып, сүйек пен бұлшық етті бекемдейтін D дәруменін синтездейді. Бұдан өзге терінің майлылығын төмендетіп, безеудің көп шықпауын қамтамасыз етеді.
Солярийде не істеу керек?
Сеанс кезінде көз міндетті түрде жабық болуы тиіс. Әйтпесе көздің тор қабығы оңай күйіп, адам соқыр болып қалуы мүмкін. Және бұл үшін арнайы көзілдірікті ғана тұтынған жөн. Мұнымен қатар D дәруменінің тек теріде май жабындысы болған кезде ғана пайда болатынын біліңіз. Сондықтан душтан немесе бассейннен кейін солярийге бармауға кеңес береміз.
Солярийден төнетін қауіп
Жоғарыда айтқан меланинді бөлу үшін ағза иммунитет ресурстарын жұмсайды. Егер тұмауратып, жөтеліп жүрген болсаңыз, күшіңізді үнемдеу үшін бармағаныңыз жөн.
Солярийде мынанда ережелерді сақтаған жөн:
- Салон қызметкерлерінен құрылғыдағы пайдаланатын лампалардың жарамдылық мерзімін сұраңыз (ең ұзақ уақыты – 450 сағат);
- Қажет болған жағдайда құрылғыны қалай тоқтатуға болатынын алдын ала сұрап алыңыз;
- Күнге күюге арналған кремді қолданған жөн. Ол – теріні құрғап кетуден сақтайды.
Солярийді пайдаланудың да өз уақыты бар. Соны міндетті түрде ескеріп, норманы сақтаған жөн.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай