«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп ата-бабамыз ерекше қадірлеген қыз баласы жаратылысынан нәзік келеді. Мұнымен қатар, өзгеге еліктеп, үнемі өзгеріске ұмтылады. Біреулері бойының биік болғанын қаласа, енді біреулері неге бойым сонша биік деп назын білдіріп жатады. Бүгінгі кеңестеріміз бойы қысқа қыздарға арналады.
1. Бой түзеу. Қыз баласы денесін тік ұстаған сайын сүйкімдірек көрінеді. Ол үшін бар болғаны иығыңызды жазып, мойныңызды тіктеп, денеңізді жинақы етіп ұстасаңыз болғаны. Дәл осы қалпыңызбен жүріп үйренсеңіз, мінсіз сымбатқа қол жеткізесіз. Ханзадаңыздың көңілінен шығу үшін қымбат киімдер немесе бірнеше қабат бояулардың қажеті жоқ. Осы алғашқы кеңесімізге қарапайымдылық пен көтеріңкі көңіл күйді қосумен жүректерін жаулап алуға болады.
2. Биік өкшелі аяқ киім. Аяқ киімнің кішкене ғана биіктігі бойыңызды ұзын етіп көрсетеді. Бұл қулықты барлығы да білгенмен, көп қыздар өздеріне лайығын таңдай алмай жатады. Артық салмағы бар қыздарға біз өкшелі аяқ киімдерді киюдің қажеті жоқ. Сырт көзге жағымсыз болып көрінеді. Ал егер біз өкшені таңдап жатсаңыз, өзіңіздің дене бітіміңізді жинақы етіп көрсететінін алыңыз. Биік өкшелі аяқ киімдерді кие алмасаңыз, өкшесі қалыңырағынан бастаңыз. Алдымен үйдің айналасында жүріп үйреніңіз.
3. Қырлы шалбар. Мұндай киім бойыңызды ғана ұзартып қоймай, сымбатыңызға ерекше үйлесімділік сыйлайды. Шалбардың ұзындығы қысқалары осы маусымда сәнге айналуда. Бойыңыздың ұзын болып көрінуіне шалбардың әсері бар дегенге сенбесеңіз де, ол бойыңызды биік етіп көрсетеді. Мұндай шалбарды биік өкшелі аяқ киімдермен киген дұрыс.
4. Белді жауып тұратын киімдер. Белі ұзын киімдер бірде сәнге айналса, енді бірде дүкен сөрелерінде қалып қояды. Алғашында мұндай шалбарды кию ыңғайыссыз болғанмен, артынша үйреніп кетесіз. Ондай киімдер бел жақ бөлігіңіздегі артық майларды жиырып, қыпша белді аруға айналуға көмектеседі.
5. Теріні күйдіру. Оны екі әдіспен жүзеге асыра аласыз. Біріншісі – жағажайға барып күнге күю болса, екіншісі – бұл саладағы арнайы мамандарға жүгіну. Ақша жүзі албыраған қазақ қыздарына қара торы болған ұнай бермейтіні анық. Алайда бойды ұзын етіп көрсетуге мұның да әсері тиеді. Киім сатып аларда қара торы өңіңіз ашық түсті киімдермен үйлесімділік табатынын ескеріңіз.
6. Биік етіктер. Биіктігі орташа етіктерден аяқтарыңыз ұзын болып көрінеді. Алайда ботфорт секілді аяқ киімдерді таңдау үшін ерекше талғам керектігін ұмытпаңыз. Мұнымен қатар түрлі-түсті немесе суреттері көп болғаннан, етіктеріңіздің түсі бірыңғай болғаны жақсы. Психолог мамандардың айтуынша, бір түсті киімдер адам мінезінің тұрақтылығын білдіреді.
7. Қысқа қоныш етік пен ботильондарды көйлекпен кисеңіз, сырт көзге бойыңыз қысқа болып көрінеді. Ал ұзын белдемшемен немесе шалбармен кисеңіз, керісінше биік етіп көрсетеді.
Киімнің денеңізге жарасуы бағасының қымбаттылығына емес, ерекше талғамыңызға байланысты екенін ұмытпаңыз. Ол үшін интернет желісіндегі қыз балаларға арналған сән сайттарының кеңестеріне жүгінсеңіз болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: donetsk.ru, vk желісінен