Шығыс әйелдерінің кейпі жұмбақтылықпен, ұстамдылықпен, сонымен қатар керемет қара шашпен, барқыт тәрізді терімен және берік тырнақпен сәйкестендіріледі. Шығыс сұлулығының негізі маңызын жоғалтпайтын ежелгі рецептілерде жатыр. Шығыс әйелдері сұлулығының құпияларын ұсынамыз.
Арган майы
Арган ағашының бағалы майы — шығыс әйелдері сұлулығының нөмірі бірінші құралы. Арган майын ежелден бері қолданады, алайда ол қазіргі кезге дейін алған бағытынан таймай келеді. Бойжеткендер оны ешқандай косметикалық қоспасыз таза күйінде қолданады. Арган майын шашқа ғана емес, бет және дене терісіне қажетті құрал ретінде қолданады. Арган майы теріні тегіс әрі жұмсақ етеді, сонымен қатар өзінің жағымды иісімен қуантады.
Амла сығындысы
Амла немесе үнді қарлығаны (крыжовник) Таяу Шығыста және Үндістанда шашқа арналған керемет құрал ретінде кеңінен танымал. Амла сығындысы ұнтақ немесе май түрінде кездеседі. Бұл өнімді маска ретінде жағады. Амла сығындысы бас терісіне жақсы көмектеседі, ал амла ұнтағын сусабынға немесе бальзамға қосу арқылы әсерін күшейтуге болады.
Куркума
Куркума ұнтағынан жасалған маскалар жағу — үнді және пәкістандық дәстүрде келіннің тойға дайындалуындағы басты міндеттердің бірі. Куркуманы кез келген базардан табуға болады. Сондықтан үй жағдайында куркумадан маска дайындауға мүмкіндік бар. Ол үшін 2 ас қасық ұн, 1 шымшым куркума және 2 ас қасық сүт қажет. Барлық ингредиентті араластырып, оны бетіңізге жағып, 15-20 минут шамасында ұстау қажет. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
Қына
Қына ұнтағының бояғыштық қасиеті туралы барлығымыз білеміз. Жасанды бояғыштарға қарағанда қына қауіпсіз әрі пайдалы.
Лимон
Лимон қышқылы — теріні ағартатын табиғи құрал. Шығыс сұлулары бет терісін ағарту мақсатында теріні лимон суымен сүртеді. Лимон қабығының жұмсақ жағымен бет терісін уқалап, скраб ретінде қолдануға болады.
Жалғасы бар...