Шығыс әйелдерінің кейпі жұмбақтылықпен, ұстамдылықпен, сонымен қатар керемет қара шашпен, барқыт тәрізді терімен және берік тырнақпен сәйкестендіріледі. Шығыс сұлулығының негізі маңызын жоғалтпайтын ежелгі рецептілерде жатыр. Шығыс әйелдері сұлулығының құпияларын ұсынамыз.
Басы
Хаммам
Шығыс мәдениетін хаммамсыз немесе түрік моншасынсыз елестету қиын. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ылғал моншалар денсаулыққа пайдалы. Моншадағы будың себебінен терідегі ұсақ тесіктерден барлық "кір" шығып, тері жұмсара түседі. Шығыс сұлулары өздерімен бірге моншаға денеге арналған табиғи скрабтар ала барады.
Табиғи парфюмерия
Шығыс сұлулары үшін барлық қымбат әтірлер қолжетімді болғанымен, олар зәйтүн майы негізінде жасалған табиғи парфюмерияны қолданады. Оны спиртсіз майлы негізде жасайды, иісі біразға дейін сақталады.
Қыша дәнінің майы
Қыша дәнінің майы туралы пікірлер әлі күнге даулы. 2012 жылға дейін Үндістанда және Таяу Шығыста мұндай майда тамақ әзірленген делінеді. Алайда оның құрамындағы зиянды қышқыл көптігінен тыйым салынған. Бойжеткендер қыша дәнінің майымен шашын сүртеді екен. Нәтижесінде, шаш жылтыр бола түседі.
Табиғи Halawa балауызы
Halawa балауызы шығыс мемлекеттерінде кең тараған. Ол табиғи майлардың, парафиннің және ара балауызының қоспасынан тұрады. Одан сандал ағашының иісі шығады. Бұл құрылғы әмбебап болып келеді. Балауызды аяқ сүрту үшін және дезодорант ретінде қолдануға болады.