- Негізгі бет
- Сымбат
- Ішті джинс шалбарының...
Ішті джинс шалбарының көмегімен қалай жасыруға болады?
Егер джинс шалбар ішіңізді айқындап жібереді деп қорықсаңыз, уайымдамаңыз, оның өзіңізді ыңғайлы әрі сенімдірек сезінетін үлгілерін табуға болады.
1. Денеге жабысып тұратын джинс таңдаңыз. «Тік» (straight) немесе «тар» (slim/skinny) деп жазылған шалбар үлгілеріне мән беріңіз. Ерінбей бірнеше түрін киіп көріңіз. Сізге тік шалбарлар жақсы келуі мүмкін. Ал денеге жабысып тұратын джинс қарасаңыз, ол жабысып тұрғанымен жүргенде ыңғайсыз болмауы керек. Ал кең шалбарлардан бас тартқан жөн. Мұндай үлгілер, әдетте, «бос» (relaxed), «бойфренд» (boyfriend) немесе «кең джинстар» деп аталады. Бос тұратын шалбарлар визуалды түрде ішті үлкейтіп көрсетеді.
2. Өзіңізді ыңғайлы сезінетін өлшемді табыңыз. Джинсті сатып алмас бұрын оның әртүрлі өлшемін киіп көріңіз. Сондай-ақ сатушыдан жуғаннан кейін оның созылатынын немесе керісінше, тарылатынын біліп алыңыз. Оған қоса, әр брендтің өлшемдік қатары әртүрлі болады. Джинстердің қолпылдақ кең үлгілерін сатып алу ұсынылмайды, олар визуалды түрде ішті үлкейтіп көрсетеді.
3. Қою көк немсее қара джинс таңдаңыз. Ішті жасырғыңыз келсе, қою көк, қою сұр немесе қара джинстер кию ұсынылады. Қою түстер проблемалық жерлерге зейін аудартпайды. Ал ақ немесе ашық көгілдір түстер проблемалық жерді айқындайды.
4. Белі орташа немесе жоғары тұратын шарбар алыңыз. Белі орташа немесе жоғары тұратын джинстер ішті жауып және ұстап тұрады. Егер ішіңізді проблемалы жер санасаңыз, осындай үлгілерін таңдаңыз.
5. Шалбардың іш тұсындағы джинс матасы тығыз екеніне көз жеткізіңіз: ол жер қатты созылмауы керек. Джинс ішті ұстап тұруы керек, бірақ қатты қыспауы қажет.
6. Сыдырма ілгегі және қарапайым қалталары бар джинс шалбар таңдаңыз. Егер ішке аса назар аудартқыңыз келмесе, іш тұсында артық детальдары жоқ және сыдырма ілгегі бар джинс шалбарға мән беріңіз. Мұндай джинстерде іш тұсына екпін қойылмайды. Сыдырма ілгектің орнына үлкен ілгектері бар джинстар бар. Олардан аулақ болыңыз.
7. Мүмкіндік болса, кәсіби маманның (стилист) көмегіне жүгініңіз. Егер сізге жарасатын ыңғайлы джинс алғыңыз келсе, оны тәжірибелі маманмен бірге таңдаңыз.
А. Жапатова