- Негізгі бет
- Сымбат
- Шоколад қосылған косметикалық...
Шоколад қосылған косметикалық дауалар
Шоколдаты сүймейтін жан жоқ шығар. Тәтті тіскебасар көңілді көтеретіні рас. Сондай-ақ шокалад қосып керемет косметикалық дауалар жасаса болады.
Тәтті ванна
200 г кәдімгі какао ұнтағын 1 литр қайнақ суға ерітіңіз. Какаоны ваннаға қосып, 10-15 минут хош иістің арасында демалыңыз. Бұл тән мен жанға арналған керемет дауа. Шаршағанды басып, ағзаны қалпына келтіреді. Ваннадан кейін жылы суға сабынсыз шайыныңыз.
Орану
200 г какао ұнтағын 0,5 литр қайнақ суына ерітіңіз. Суыған ерітіндіні дене терісіне жұқа қабатпен жағып, сыртынан целофанмен ораңыз. 15 минуттан соң шоколадты жылы сумен жуып тастаңыз. Дауаның целлюлитке қарсы әсері зор.
Шаш маскасы
2 қасық какаоны 1 қасық коньякқа ерітіп, шашқа жағыңыз. Басты целофанмен орап, сыртынан орамалмен ораңыз. 10 минуттан кейін бас массажын жасап, тағы 10 минутқа қалдырыңыз. Артынан жылы сумен шайыңыз. Бұл дауа бастағы қан айналымын жақсартып, шашқа жылтыр қайтарады.
Бет маскасы
Су буына 100 г шоколад кесегін ерітіп, 1 тамшы зәйтүн майын қосыңыз. Жұқа қабатпен бетке жағып, 10 минутқа қалдырыңыз. Есіңізде болсын, бұл дауаға тек құрамында какао үлесі мол қара ащы шоколад келеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: tvoedolgoletie.ru
С. А