Тек қана әйел заты өмір сүретін Амазонкаға тап болған ер адамға «өлтіреміз» дегенде ол бір ауыз сөз арқылы аман қалыпты. «Мені араларыңыздағы ең көріксіз қыз өлтірсін» деген екен. Барлық қыз өзін әдемі санайтындықтан жігітті ешкім өлтірмейді. Сол секілді әлемдегі барлық қыз әдемі, тек олардың өзін күтіну жолы әртүрлі.
Жапония – теңіз өнімдеріне бай ел, сәйкесінше азық-түлік құрамы да йодқа тұнып тұр. Метаболизм қызметін жылдамдататын гормондар туғызу үшін йод таптырмас құрал. Бұл элемент шаш сұлулығына да септігін тигізеді, түйінін қатайтып, шашты жеңіл күйге келтіреді. Сондықтан жапон қыздарының шашы қалың да әдемі болады. Теңіз орамжапырағында йод көп, оның небәрі 100 грамы ағзаны тәулік бойы қанағаттандырып отырады. Жапондар аптасына бірнеше рет осы тағамды жейді. Йодты біз өзімізде көп тағамдардан да таба аламыз. Мысалы, қарақұмық (гречка), қызғылт сары құрма құрамында көп кездеседі.
Бразилияның басты байлығы – кофе екені баршаға белгілі. Жергілікті қыздар сусынның хош иісінен ләззат алып қана қоймай, оны денеге скраб ретінде пайдаланады. «Кем-кетігі» бар жерлеріне жағып, массаж жасап, қан айналымды жақсартып, целлюлиттің алдын алады.
Бұл ел қыздары өте ұзақ жасайды. Оның екі құпиясы бар: теріні нәрлендіретін минералды сумен жуынады және коллаген талшықтарын көбейтетін скумбрия, майшабақ (селедка), алабалық (форель) секілді майлы балықтарды жейді.
Бұл жерде әлі күнге дейін Клеопатра құпиясы қолданылады. Ол сүт толтырылған ванна қабылдайтын. Ол теріні жұмсақ та тегіс етеді. Сіз бұл заманда сүтпен толтырып алмасаңыз да, қарапайым сумен толтырылған ваннаға 1 литр сүт және 3-4 қасық бал қоссаңыз жетіп жатыр, мұның өзі теріге соншалықты пайдасын тигізеді.
Мексикада авокадодан көп зат жоқ. Сондықтан жергілікті тұрғындар онсыз тамақтанбайды. Авокадо Омега-3 өсімдік майына бай, құрамында калий, магний, фосфор секілді минералдар бар, ал бұл теріні тегіс те жылтыр етуге көмектеседі. Авокадо салатқа, тостқа қосылады, тіпті оның негізінде теріге, шашқа арналған маска жасайды. Осыдан елу жыл бұрын еуропалықтар бұл керемет өнімнің қасиетінен бейхабар еді, ал қазір авокадосыз күні жоқ деуге де болады.
Қытайлық қыздардың терісі аппақ болатынын байқамауыңыз мүмкін емес. Әңгіме күріш суында. Бұл ғажайыпты қытайдың әр қызы қолданады деуге болады, оны әзірлеу де түк қиын емес. Күрішті суға салып жібітіп қойыңыз да, 20 минуттан соң сүзіп алыңыз. Күріш суы теріні ағартып, жаңартып, бетті қара нүктелерден тазартады.