Шашыңыз жылтырап, жібектей нәзік көрінсін десеңіз, мынадай маска дайындаңыз:
1. Алдымен бір шай қасық сірке суы мен бір шай қасық глицеринді араластырыңыз. Біркелкі болғанына дейін араластыра беріңіз.
2. Енді бұл қоспаға алдын ала араластырылған жұмыртқаны қосып, араластырыңыз.
3. Екі ас қасық үпілмәлік майын да қосу керек. Жақсылап араластырыңыз.
Дайын болған масканы шашыңыздың бойына жағыңыз. Арнайы полиэтиленді телпек киіп, басыңызды сүлгімен орап қойыңыз. Масканы 2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыты өткен соң су сабынмен шашыңызды жуып, шайыңыз.
Бұл масканы аптасына екі рет қолданған жөн. Шараның мерзімі бір ай. Бұл циклден кейін оны екі аптада бір рет пайдаланып, шашқа күтім жасауға болады.
Бұл циклден кейін оны екі аптада бір рет пайдаланып, шашқа күтім жасауға болады.
Нәтижесінде шашыңыз жұмсақ, нәзік және жылтыр болады.
Сурет: amazon.it
Оқи отырыңыз:
Шашты күту жолдары
Безеуден құтылудың әдістері
Қыз баланың қолы нәзік болу керек