Әрбір ару шашын ұқыптап, күтіп жүруі керек. Шаш мәселесінің ең қиыны – шаштың ұшталуы. Сол себепті назарларыңызға шашты емдеудің бірнеше жолдарын ұсынамыз.
Май
Шаш ұшталуының алдын алу үшін жылы май компресін жасау керек. Ол үшін зығыр, зәйтүн, майсана, ошаған, миндаль немесе жожоба майын бірін ыдысқа құйып, қайнап жатқан суға салып, қыздырып алыңыз. Содан соң басыңызға жағып, пакет немесе жылы сүлгімен басты орап, 1 сағат күтіңіз. Уақыт өткен соң жылы, лимон қышқылы араласқан сумен жуып тастаңыз.
Шаш жууға жарты сағаттай уақыт қалғанда, шаштың ұшына зәйтүн майын молынан жағыңыз. Содан соң шашты әдеттегідей жуыңыз. Бұл әдіс шаштың құрғап кетпеуін қамтамасыз етеді.
Маска
2 ас қасық сығымдалған ашытқыны 0,25 стақан айранмен араластырып, тұндырып қойыңыз. Біраз уақыттан кейін қоспаны шаштың ұшына жағып, сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан кейін жуыныңыз.
Бал суы
2 шай қасық балды 1 стақан ыстық суда ерітіп, қоспаны жақсылап араластырыңыз. Шашты өріп, ұшын қоспаға батырып қойыңыз. 10 минуттан кейін шашты кептіріп, тараңыз.
Емдейтін қына маскасы
Бұл масканы дайындау үшін түссіз масканы пайдаланған жөн. Қынаны тәрелкеге сеуіп, бір тұтас қоспа болғанынша қайнаған су қосып, араластырамыз. Тұндырып қойып, біраздан кейін шашқа жағып, 40 минуттан соң сусабынсыз жуып тастаңыз.
Аталған маскаларды жиі жасап тұру керек.