Көрермендер "Осындай құрбандыққа барғаны үшін қанша гонорар алады екен?" деп танымал тұлғалардың қалтасын санап кетеді. Әңгіме оның қанша тапқандығында емес, өнерге көрсеткен құрметінде. Өнер үшін құрбандыққа барған арулардың есімін білгіңіз келе ме?
Кара Делевинь
«Бір жылдық өмір» фильмінде Кара Делевинь науқас қыздың рөлін сомдайды. Актрисаның кейіпкер рөліне енгені соншалық, жақында ғана шашын алуға бел буған. Қабілетін кәсіби деңгейде көрсету үшін осындай батыл қадамға барған нәзік арудың бұл қылығы голливудтықтарды таңғалдырып отыр.
Кристен Стюарт
Осы жылы наурыз айының басында «Ымырт» фильмінің ханшайымы Кристен Стюарт шашын «кірпі» үлгісінде алып тастаған. Ол мұндай қадамға келесі жылы жарыққа шығатын «Су түбінде» фильмі үшін барған.
Шарлиз Терон
Шарлиз Терон «Ессіз Макс» фильмі үшін шашын алып тастаған болатын. Бірақ Шарлиз үшін өзіндегіні құрбан ету таңсық дүние емес. Өйткені осыған дейін де «Құбыжық» фильмі үшін 13 килограмм салмақ тастаған болатын. Осы ерлігі үшін де, актерлік шеберлігі үшін де алғашқы «Оскар» сыйлығын алған болатын. Биыл қалың көрерменге жол тартатын «Талли» фильмі үшін 16 килограмм салмақ қосып, артынша қайта қалпына келген болатын.
Деми Мур
1997 жылы Деми Мур «Джейн сарбаз» фильмі үшін шашын толықтай алып тастап еді. Осыдан соң, көптеген актриса Мурдың ерлігін батыл қадам деп есептеп, құрмет тұтады.
Натали Портман
Натали Портман бұйра шашымен 2006 жылы «V – яғни вендетта» фильмінің түсірілімі кезінде қоштасқан болатын. Көптеген жанкүйеріне сол образы қатты ұнаса керек, қайтадан сол қалыпқа келуін сұрайды екен.
Энн Хэтэуэй
«Шеттетілгендер» киномюзиклінде Энн Хэтэуэй өзін өзге қырынан танытты. Бірінішісі көрермендерін әдемі дауысымен еліктірсе, екіншісі – шашын алып тастағаны болатын. Көпшілік оның ерекше стилінен гөрі бас сүйегінің формасының әдемілігін айтып таңғалып жатты.
Шейлин Вудли
«Жұлдыздар кінәлі» фильмінде қысқа шаш үлгісімен танылған Шейлин «Дивергент» фильмінің екінші бөлімінде ұзын шашымен көрінуі керек еді. Бірақ продюсерлер бұл образдың тіптен ерекше болатынын ескеріп, бас кейіпкер ретінде алып қалған екен.
Маржан Сұлтанбай
Еліміздің өнер әлемінде шашын алып, таңғалдырған – Маржан Сұлтанбай. Бұл ару да көптің қолынан келе бермейтін істі жасады. Естеріңізде болса, журналист "Шіркін, life" жобасында әскер сапында шашын алмаған әншілерге қарсылық білдіріп, осындай қадамға барған болатын.