Кезекті материалымызда үй жағдайындағы шаш күтіміне байланысты бірнеше кеңестерді айтып өтеміз.
Шашты күнде жууға болмайды. Одан шаш тез ластанатын болады. Сондықтан шашыңызды кем дегенде үш күнде бір рет жууға үйретіңіз.
Шашыңыз майлы болса, шашқа арналған кондиционер немесе бальзамды шаштың түбіне жағудың қажеті жоқ. Шашыңыздың барлық ұзындығына жағып, түбіне ғана жақпауға тырысыңыз.
Ұштанған шашты үй жағдайында да ретке келтіруге болады. Ол үшін шашыңызды спираль етіп айналдырып, жан жағынан шығып тұрған шаштарды қайшымен қиып тастаңыз.
Шашыңызды фенмен кептірген соң, үрпиіп қалған шаштарды кетіру үшін шашқа арналған лакты тарағыңызға сеуіп жіберіңіз. Содан соң шашыңызды сол тарақпен тараңыз.
Өзіңіз ұнататын әтірдің иісі бір күн бойы кетпегенін қаласаңыз, әтірді тараққа сеуіп, шашыңызды сол тарақпен тараңыз.