Ұзын шаш - әр арудың арманы. Шаштың ұштануы, шыдамның жетпеуі шашы ұзын қызға айналуға мүмкіндік бермей ме? Стилист мамандардың кеңестеріне жүгініп, айла әдістердің арқасында шашты ұзын қып көрсетуге болады екен.
Шаштаразға келесі рет барғанда шашыңызға филировка жасауын сұраңыз. Оның нәтижесінде шашыңыз сатылы болып, жұмсақ жатады. Ал сырт көзге ол бірден бірнеше сантиметрге ұзынырақ көрінеді. Шашыңызға көлем беріңіз. Шаш кептірген кезде фенмен ауа ағынын жоғары қарай бағыттаңыз. Сондай-ақ шашты түзу қалдырғанша, жеңіл толқындар жасаңыз. Осылайша шашыңыз ұзынырақ болып көрінеді. Шашты өргенде оған түсті таспа не орамал қосып өріңіз. Шаш түйгенде де оны әдемі орамалмен бекітсе болады. Ал шашыңыз орамалдың ұзындығындай болып көрінеді. Шашыңызды ортасынан түзу бөліңіз, сонда шашыңыз симметриялы көрініп, екі жаққа бірдей болып түседі. Фенді қолданғанда абай болыңыз. Оны бар күшіне қосып қолдансаңыз, шашыңыз ұштанып, түсе бастайды. Нәтижесінде бірнеше сантиметр шаш жоғалтасыз. Шаш бояудан қорықпасаңыз, мелирование жасап көріңіз. Кереғар түсті шаш ұзынырақ болып көрінеді.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: goodfon.ru