Қыздардың басты мәселелерінің бірі – шаштың ұшталуы. Бірінің шашы мықты, екіншісінің шашы әлсіз болады. Шашымыз өскен сайын ұштала түсетіні бәрімізге мәлім. Сондықтан шаш емдеудің бірнеше әдісін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Ошаған, зәйтүн, майсана, зығыр, бадам, жожоба майын жылытып алып, басымызға жағамыз. Жылы сүлгі немесе целлофанмен орап, 1 сағат күтеміз. Лимон шырынымен қышқылданған жылы сумен басымызды жуамыз.
Ал шаштың ұшталуының алдын алу үшін бас жуудан 30 минут алдында шашыңыздың ұштарына зәйтүн майын жағыңыз. Содан соң әдеттегідей шашыңызды жуыңыз.
2. Ашытқыдан 2 ас қасықты ¼ стақан айранға қосып, араластырыңыз. Қоспаны ұшталған шашқа жағып, сүлгімен орап тастаңыз. 30 минуттан соң жуыңыз.
3. 2 шай қасық балды 1 стақан қайнаған суға салып, араластырыңыз. Шашыңызды өріп, шашыңыздың ұшын дайындаған суға салыңыз. 10 минуттан соң құрғатып, тараймыз.
4. Бұл масканы жасау үшін түссіз қына сатып алыңыз. Тәрелкеге сеуіп, қайнаған су қосып, ботқаға айналғанша араластырамыз. Біраз уақытқа тұндырып қойыңыз. Жылы күйінде шашқа жағып, 30-40 минутқа қалдырыңыз. Сусабынсыз жуып тастаймыз.
Аталған маскаларды мейлінше жиі қолданып тұрыңыз.
Сурет: allavon.ru
Оқи отырыңыз:
Шаштың ұшталуын емдейтін қоспа
Шашыңызды жібектей ететін сиқырлы қоспа
Шашты күту жолдары