Біздің қарапайым кеңестеріміз шаштарыңызды ұштанудан сақтап, олардың жылтырай түсуіне көмектеседі.
Ұштану - құрғақ шаштың белгісі. Сондықтан оларды уақытында ылғалдандырып тұру жайлы ұмытпаңыз. Арнайы маска, бальзам, кондиционерлерді ылғи қолданатын болыңыз. Қатты көбіктенетін сусабындарды қолданбаңыз. Олардың құрамындағы синтетикалық заттар шашты құрғатады. Сулы шашты орамалмен ысқыламаңыз. Бұл оларды ұштанатын, жұқа қылады. Оданша дымқыл шашты орамалға орап қойыңыз. Шашты сыртынан да, ішінен де ылғалдандыру керек. Сондықтан қажетті көлемде су ішіп жүріңіз. Шашқа арналған маска не кондиционерді бас терісіне емес, шаш ұштары мен ортаңғы бөлігіне жағыңыз. Шашты тек салқын ауа ағынымен кептіріңіз. Ыстық ауа шаштың құрамын құртып, оларды сынғыш қылады. Шаш бұрағыш, түзулеткіштерді жиі қолдану оның саулығына әсер етеді. Қолдануды барынша шектеп, шашты екі айына бір рет қысқартып тұрыңыз.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: goodfon.ru