- Негізгі бет
- Сымбат
- Шашты ұштанудан сақтайық...
Шашты ұштанудан сақтайық
Біздің қарапайым кеңестеріміз шаштарыңызды ұштанудан сақтап, олардың жылтырай түсуіне көмектеседі.
- Ұштану - құрғақ шаштың белгісі. Сондықтан оларды уақытында ылғалдандырып тұру жайлы ұмытпаңыз. Арнайы маска, бальзам, кондиционерлерді ылғи қолданатын болыңыз.
- Қатты көбіктенетін сусабындарды қолданбаңыз. Олардың құрамындағы синтетикалық заттар шашты құрғатады.
- Сулы шашты орамалмен ысқыламаңыз. Бұл оларды ұштанатын, жұқа қылады. Оданша дымқыл шашты орамалға орап қойыңыз.
- Шашты сыртынан да, ішінен де ылғалдандыру керек. Сондықтан қажетті көлемде су ішіп жүріңіз.
- Шашқа арналған маска не кондиционерді бас терісіне емес, шаш ұштары мен ортаңғы бөлігіне жағыңыз.
- Шашты тек салқын ауа ағынымен кептіріңіз. Ыстық ауа шаштың құрамын құртып, оларды сынғыш қылады.
- Шаш бұрағыш, түзулеткіштерді жиі қолдану оның саулығына әсер етеді. Қолдануды барынша шектеп, шашты екі айына бір рет қысқартып тұрыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: goodfon.ru
С. А