Шашқа реңк беруші құралдар - химиялық бояулармен шаш саулығына зақым тидіргісі келмейтін арулар үшін таптырмас шешім. Ол шашыңыздың түсін жаңартып, жайната түседі.
Реңк беруші құралдар шаштың түсін 2-3 реңкке өзгертеді, сонымен қатар шаш саулығына әсер етпейді, керісінше пайдалы. Уақытша бояу сұйықтықтың концентрациясына, шашыңыздың түріне, оны дұрыс қолдануыңызға байланысты 2 аптаға дейін сақтала алады.
Шашқа реңк беруші бояулар беретін әсеріне қарай бөлінеді. Жеңіл түрлеріне көбіктер, мусс пен сусабындар жатады. Олар бірнеше рет шаш жуғаннан кейін шайылып кетеді. Ал интенсивті құралдар: бальзамдар мен тониктар 5-7 рет жуылғаннан кейін ғана кетеді.
Реңк беруші құралдарды боялған да, боялмаған да шашқа қолдануға болады. Табиғи түсіңізді бірнеше күнге осылайша өзгерте аласыз, боялған шаштардың реңкін қаттырақ не бәсеңірек қылсаңыз болады.
Шашқа реңк беруші құралдар шаш бояуы сияқты шаштың ішіне сіңбейді, ол тек сыртын бояйды. Сондықтан шаш жуған сайын, оның түсі бірте-бірте кетеді. Ал шаштың құрамына әсер етпейді, демек зияны жоқ.
Бұндай құралдардың жалғыз кемшілігі - ол ағарған шаштарды боямайды. Сонымен қатар қара шаштарды тым ашық түсті етіп бояй алмайды.
Реңк беруші құралды алғаш қолданғанда қолдану бойынша нұсқаулармен танысқан дұрыс.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: makeupreviews.ru, hennablogspot.com