Шашты тез өсіру

Шашты тез өсіру
Фото: anabol.kz

Шаш жылына 12 сантиметрге өседі. Үйде жасалынатын әртүрлі маскаларды қолданып, шашты күте отыра, оның бірнеше есе өсуіне жағдай жасауға болады. 

Май 
Зәйтүн, майсана және кокос майын араластырыңыз. Шаштың бар ұзындығына жеткізе отыра, массаж жасау арқылы қоспаны басыңыздың терісіне жағыңыз. 15-30 минут күтіп, лимон қосылған жылы сумен шайыңыз. 

Жұмыртқа қосылған маска 
Жұмыртқаның ақуызы шашты мықты және көлемді етеді. Масканың құрамы бір жұмыртқадан тұрады: ақуыз бен сарыуызды біркелкі қоспа болғанша дейін араластырамыз. Сосын 1 шай қасық бал және майсана майын қосамыз. Басыңызды сусабынмен жуған соң, қоспаны шашыңызға жағыңыз. 15 минуттан соң басты жылы сумен шаю қажет. 

Даршын қосылған маска 
Бұл рецепт үшін даршынның ұнтағы қолданылады. Бір шай қасықтан артық емес көлемде ұнтақ қажет. 1 шай қасық кез-келген күнделікті қолданылатын май, 2 шай қасық бал қосамыз. Шаштың түбіне қарай жағыңыз. Шаштың ысып кетуіне байланысты 30-40 минут күтіп, масканы сусабынмен шайып тастаңыз. 

Қыша қосылған маска 
Бұл масканың тиімділігі қышаның бас терісін қыздыру мен сол арқылы шаш түйініне қарай қанның таралуында. Рецепт үшін 300 мл айран, сарыуыз және бір ас қасық құрғақ қыша керек. Қоспаны жақсылап ұсатып, шаштың түбіне жағу керек. Масканы кем дегенде 30-50 минут ұстау қажет. Сосын сусабынмен шаю керек. 

Зімбір қосылған маска 
Зімбір теріге жақпауы мүмкін. Сол себепті құрғақ шашқа аптасына кем дегенде 1 рет жағу қажет. Зімбірдің тамырын ұсақтап алу қажет. Суын алып, оны шаштың түбіне жағып, 30-40 минут ұстау керек. Сосын сусабынмен шайыңыз. 

Бал қосылған маска 
Бұл масканы күн сайын немесе екі күнде бір рет қолдану қажет. Масканы дайындау үшін 1 ас қасық бал, 1 ас қасық коньяк және сарыуыз қосады. Қоспаны біркелкі болғанша дейін араластырған жөн. Шашқа жағып, басты целлофан, сосын орамалмен орау қажет. Маска 40-60 минут ұсталынады. 

Алма сірке суымен шаю 
Шашты аптасына бір рет алма сірке суымен шайып отыру қажет. Бұл шашты күтуге арналған өнім немесе май қалдықтарын алып тастау үшін қолданылады. Сумен сұйылтылған 60 мл алма сірке суын құйып, шашқа жағыңыз. Шаштың бар ұзындығына бөліп жағу керек. Әсіресе, шаштың түбіне қарай. Сосын сусабынмен шашты шайыңыз. 

Витамин комплексі 
Кей кездерде маскаға немесе кондиционерге А және Е витаминдерінің май ерітіндісін қосып көруге болады. Витаминнің май ерітіндісі кез-келген дәріханада сатылынады. Витаминдер маска немесе кондиционерге шашты жақсы күтуге әсер етіп, шаштың ылғалдануына мүмкіндік береді. 

Орамал орнына футболка 
Қалыпты қолданылатын орамалдың талшықтары шашты тым қатты кептіріп жібереді. Душтан шыққаннан кейін, шашыңызды орамалмен сүртпеңіз. Теріс айналған жазуы жоқ мақтадан жасалған футболкамен шашыңызды сулатыңыз. Осылайша сіз шашыңыздың зақымдану қаупінен сақтанасыз. 

Және де соңында... 

Егер шашыңыз су болса, оған резеңке тағудың қажеті жоқ. Дымқыл шаш өте әсерленгіш және зақымдануға бейім болады. Егер шашыңызға міндетті түрде резеңке тағу қажет болса, онда резеңкенің металл элементтері жоқ түрін қолданыңыз. 

Дереккөз: comode.kz

Г. Берік