Көптеген оқырмандарымыз «шашты қалай өсіруге болады?» деген сұраққа жауап сұрады. Шаш өскен сайын құрылымы бұзылып, ұшталып не сиреп кетеді. Сондықтан оны емдеп, нәрлендіріп тұру керек.
Шашты өсіретін дәруменді май жасап үйренейік. Бізге:
2 ас қасық майсана майы
2 ас қасық ошаған майы
1 шай қасық майлы Е дәрумені
1/3 шай қасық майлы А дәрумені
2-4 тамшы даршын эфир майы
2-4 тамшы қара бұрыш эфир майы керек болады.
Барлық ингредиенттерді араластырып, басыңызға жағыңыз. Шаштың ұшына ошаған, майсана мен Е дәруменін араластырып, жағыңыз. Бұл қоспа шашыңыздың ұшталуның алдын алады. Әрі шаш өскен сайын сынғыш болмайды. Басыңызды полиэтилен мен сүлгімен ораңыз.
Масканы 20-40 минуттан кейін жуып, шашыңызды сусабынмен жуыңыз.
Сурет: naturez-zen.com
Оқи отырыңыз:
Шашты жібектей ету үшін...
Шашты емдеу қажет пе?
Шаш күтімінің бір сыры