Әрбір ару шашының жібектей жұмсақ, жылтыр болғанын қалайды. Алайда экологиялық проблеманың нәтижесінде шашымыз ұшталып, сынғыш болады. Оның үстіне, дәруменмен қамтамасыз етілмегендіктен, түсуге де бейім болады.
Шашты жібектей етуге тек маскалар ғана көмек бола алмайды. Ол үшін маскалармен қатар, мынадай кеңестерді пайдалану керек:
♦ Нан, ботқалар, жұмыртқа, бүйрек сияқты В дәрумені мол тамақты пайдаланыңыз. Тәттілерден біртіндеп бас тартқан жөн.
♦ Күніне кем дегенде 6 стақан су ішу керек. Ағзаға су жеткіліксіз болса, шашымыздың түсі көмескіленіп кетеді.
♦ Аптасына 2-3 реттен артық шашты жууға болмайды.
♦ Шаш жуу барысында сусабынмен қатар, кондиционер мен нәрлендіргіш маскаларды қолданыңыз.
♦ Шашты жуып болған соң, салқын сумен шайып жіберіңіз. Бұл әдіс шаштың жұмсақ болуына көмектеседі.
♦ Шашты өздігінен кебуге қалдырыңыз. Ал кептіргішті тек ерекше жағдайда қолданған жөн.
♦ Шашты лимон шырынымен бір шайып, 20 минуттан кейін жуып тастау керек. Лимон шырынының құрамында шашты жылтырататын ингредиент бар.
♦ Сондай-ақ шашты жылтыратынын тағы бір әдіс – алма сіркесі мен шөп қоспасы.
♦ Шай қасық балды 4 стақан жылы суда ерітіп, қоспа дайындаңыз. Шашты жуғаннан кейін қоспамен шашты шайып алыңыз. Одан кейін шашты жуудың қажеті жоқ.
♦ Ұйықтар алдында шашқа миндаль майын жағып, жатыңыз. Шашыңыз жылтырай түсетінін бірден байқайсыз.
Сурет: sunny7.at
Оқи отырыңыз:
Шашыңызды жібектей ететін сиқырлы қоспа
Шашты емдеу қажет пе?
Шаш күтімінің ережелері
Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар