- Негізгі бет
- Сымбат
- Шашты емдеу қажет...
Шашты емдеу қажет пе?
Ұзын, қолаң шаш көптеген арудың арманы. Алайда көбіміздің шашымыз сынғыш, тез түсіп, жұқарып кетуге бейім. Неліктен?
Ең алдымен, себебін экологияның нашарлығымен байланыстыруға болады. Екіншіден, шашты жуудан басқа еш күтім жасамаймыз.
Сондықтан шашымызды емдейтін жеңіл әрі пайдалы масканы жасап үйренейік.
Сізге:
1 шай қасық майсана майы
1 шай қасық ошаған майы
1 саруыз қажет болады.
Мұның бәрін бір тұтас қоспаға айналғанынша араластыру керек. Шашқа жағып, 40 минутқа қалдырамыз. Салқын сумен шайып, сусабынмен жуамыз.
Бұл масканы аптасына 2 рет жасау керектігін ескеріңіз.
Сурет: ©Жасұлан Қасымбек
Оқи отырыңыз:
Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар
Шаштың ұшталуын қалай емдеу керек?
Ф. Абилова