Сау шаш адамның көркін ашады. Жасанды емес, табиғи заттармен қоректенген шаштың күйі әлдеқайда мықты көрінеді. Әдетте, қолданып жүрген сусабынның құрамына назар салмаймыз. Бұл материалда сусабын құрамында болуы тиіс табиғи заттарды және олардың пайдасы туралы біле аласыздар.
Мүкжидек және арган майы
Боялған шаштың түсін сақтап тұратын – осы екі өсімдіктің майы. Арган майы шашты қажетті дәрумендермен қоректендірсе, мүкжидек майы антиоксидант құрамымен шашты түрлі зақымдардан қорғайды.
Авокадо және карите майы
Авокадо майы шашқа нәзіктік берсе, карите майы жеңілдік береді, жібек тәрізді жұмсақтық сыйлайды. Құрғақ және ұштанған шаштарға осы екі майды қоспасы бар сусабын таңдаған дұрыс. Карите майын ши ағашынан алады. Күн сәулесінен сақтап, ұштанғаннан қорғайды.
Ашытқы және анар
Жұқа шашқа өмір сыйлау үшін ашытқы мен анар сығындысы керек. Ашытқы шашқа көлем беріп, берік етеді, ал анар өңі қашқан шашқа көрік бере түседі.
Манго және гардения гүлі
Манго шашқа жұмсақтық береді, гардения гүлі де ұйысқан шаштың тез таралуына көмектеседі.
Зәйтүн майы
Зәйтүн майының құрамында протеин, минерал, дәрумендер және липидтер бар. Май шашты ішінен жұмсартып, қалпына келтіреді.