Жұқа шаштың ешкімге ұнамасы анық. Шаштың көлемді болғаны – оның сау екенін көрсетеді. Салонға барып, шашқа көлем беру – кәсіби мамандардан үлгі алу деп түсініңіз. Үйден де шашқа көлем бере аласыз. Ол үшін мына кеңестерге жүгінсеңіз болады.
Үйде шашқа көлем беру үшін күтім заттары және көлем беретін құралдар керек. Шашқа көлем беретін С дәрумені, В5 провитамині бар сусабын таңдаңыз. С дәрумені шаш жасушасының қалпына келуін қамтамасыз етіп, әлсіз шашқа қуат бере түседі.
В5 провитамині шашты оттегімен қоректендіреді. Шашты жуар кезде судың аса ыстық болмауын қадағалаңыз. Шашты шаяр кезде қанжылым сумен жуған абзал. Сонда ғана ұйысқан шаш тарқайды.
Шашқа арналған маскасыз шаштың күтімін жақсарту мүмкін емес. Қорек беретін маскамен шашты аптасына бір рет күткен абзал.
Кейін шашты шаюға болмайтын көлем беретін сұйықтықты жағыңыз. Шаш кептіргішпен кептіріп, көпірік немесе мусс жағып күтіңіз. Шашты төмен бағыттап тұрып, шаш кептіргіштің ыстық ауасымен шаштың түбін кептіріңіз. Шашты кептірмес бұрын термоқорғаныс беретін сұйықтықтарды жағып алыңыз.