Әйел затының барлығы шашы әдемі әрі сәнді көрінгенін қалайды. Алайда біреулердің шашы қалың болса, енді біреулерінің шашы жұқа болады. Соның себебінен қыздар қалаған шаш үлгісін жасай алмайды. Қазір сондай жағдайда жұқа шаштарға арналған, шаштың түбін көтеріп, көлем беретін boost-up процедурасы кеңінен тарап жатыр. Бүгінгі материалда boost-up процедурасының артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырамыз.
Boost-up – шаштың ұшына тиіспей тек оның түбін бұйралайтын, шашқа көлем беретін арнайы техника. Яғни шаштың бұйраланғаны көрінбейді, бұрынғыдай тіке болып қалады, бірақ көлемі біраз ұлғаяды. Процедураның әсері 6 айға дейін сақталады. Сондықтан күнделікті шаш үлгісін жасауды ұмытасыз.
Салонда бұл процедураны орындау үшін 2 сағат көлемінде уақыт кетеді. Шаштың төбесінен азғантай шашты бөлек қыстырып қояды. Шашты бөлген жердің түбіне арнайы қоспа жағады. Содан соң биобұйралау жүргізеді. Бұйралауды болған соң бетіндегі қыстырып қойған шашты түсіреді, сол кезде көлемді, тегіс шаш үлгісі пайда болады.
Boost-up процедурасына ұқсас нәтижені үй жағдайында гофре үтігімен көтеріп алуға болады. Ол үшін төбе шаштың аз ғана бөлігін қыстырғышпен қыстырып қойып, оның астындағы шаштарды гофре үтігімен жасап шығыңыз. Гофремен жасап болғасын, бөлек алып қойған тегіс шаштарды жіберіңіз. Нәтижесінде шашыңыздың төбесінен көлем байқайсыз.
Кемшіліктері:
- Процедураның әсері кеткенше шашыңыздың өскені байқалса, процедура нәтижесі де өзгере бастайды. Шаш үлгіңіз "шаршы бас" секілді болуы мүмкін. Кей жағдайда шаш өсіп кетсе, төбедегі көлем жанына түсіп кетеді;
- Қалай болғанда да бұл процедура да химия екенін ұмытпайық. Кей шаш мұндай процедурадан соң сынғыш болып кетеді;
- Егер шашыңыз boost-up процедурасына дейін боялған болса, сол жердегі бояу тез кете бастайды;
- Егер boost-up процедурасын екінші рет жасағыңыз келсе, зиян әсері болуы мүмкін. Қоспаны тек шаштың түбіне жаққанымен, шаштың барлық құрылымына әсер етеді;
- Химиялық құрамына жеке реакция болуы мүмкін. Сондықтан boost-up процедурасын жасауға шешім қабылдасаңыз, ол процедурада қолданылатын қоспа құрамы туралы маманмен дұрыстап сөйлесіңіз.