Шашты жуу кезінде маска мен салқындатқышты (кондиционер) бірге қолданудың мәні жоқ. Екі өнім де шашты қалпына келтіріп, жұмсартады. Бірақ әр түрлі әсер береді. Салқындатқыш — шаштың сыртына, ал маска — оның құрылымына көмектеседі. Сондықтан да бірінші өнімді 1-2 минуттан соң, ал екіншісін 5-10 минуттан соң жуып тастайды.
Негізінде құралдарды былай қолдану қажет: шашты сусабынмен әр жуғаннан кейін салқындатқыш қолданып, ал масканы әр үш рет жуғаннан кейін ғана бальзамның орнына қолдану керек және ұзақтау ұстаған жөн. Сол кезде мұндай құралдарды қолдану өте жақсы нәтиже береді.
Масканы қалай қолдану керек?
— Дайын, "сатып алынған" өнімдерді ылғал шашқа жағу керек. Шашыңызды жуғаннан кейін оны сүлгімен аз уақытқа орап, артық суды сіңіріп алған дұрыс. Содан соң масканы жағып, 10 минут шамасында ұстайды. Масканы шашта ұстаудың нақты уақыты өнімнің қаптамасында көрсетілуі мүмкін;
— Табиғи маскаларды құрғақ шашқа жаққан дұрыс. Үйден жасалатын маскаларды құрғақ шашқа жағып, 30-40 минут ұстап, одан соң сусабынмен жуып тастайды;
— Табиғи өнімнен жасалған құралдар бірнеше рет қолдануға арналмаған. Егер өзіңіз үйден маска дайындағыңыз келсе, әр қолдану алдында жаңасын жасау қажет;
— Масканы шаштың ұшына дейін жаға отырып, соңына көп мән беріңіз. Мұндай құралдардың көбісін бас терісіне тигізбеген жөн;
— Жұмыртқа қосылған маскаларды суықтау сумен шайған жақсы. Сол кезде жұмыртқаны кетіру оңайға түседі;
— Егер өндіруші ұсынысы басқаша болмаса, процедураны аптасына 2 рет қолдану керек.