- Негізгі бет
- Сымбат
- Шашқа арналған маскалар...
Шашқа арналған маскалар
Сәбіз бен лимон шырынының қоспасы шашқа өте пайдалы. Мұндай маскалар шашты түбінен нәрлендіріп, өсуін жеделдетеді.
1. Жұмыртқаның сарысымен
Лимон мен сәбіз шырынын бірдей мөлшерде араластырып, жұмыртқа сарысын қосамыз. Дайын болған қоспаны шаштың түбіне жағып, басыңызды қалың орамалмен ораңыз. 1 сағаттан кейін шашыңызды сусабынмен жуыңыз. Масканы аптасына 1-2 рет 3-4 ай жасаған жөн.
2. Зәйтүн майымен
Сәбіз бен лимон шырынын және зәйтүн майын 1 ас қасықтан қосып араластырыңыз. Қоспаны бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз. Басыңызды қалың орамалмен орап, 15-20 минуттан кейін жуыңыз.
3. Сәбіз бен лимон
2 ас қасық сәбіз шырыны мен 1 ас қасық лимон шырынын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылы орап, 1-2 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз. Ал таза сумен шайғанда суға лимон шырынын немесе сіркесу қосыңыз (1 литр суға 1 ас қасық).
anabol.kz
А. Оралқызы