- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш ұзақ уақыт...
Шаш ұзақ уақыт бойы таза қалыпта қалуы үшін...
Біреулер шашын күнде жуса, екіншілері аптасына 1 жуады. Шашын күнде жуатындардың біріне бұл әдет ұнаса, енді бірі шашының ұзақ уақыт таза қалыпта сақталғанын қалайды. Осылайша, сирек жууға көшкісі келеді. Біз сізге осыған қатысты бірнеше кеңес ұсынамыз.
- Шашыңызды жуған кезде сусабынды әбден шәйіңіз, дұрысы екі рет.
- Кондиционерді шаштың ұзындығына ғана жағыңыз.
- Шашыңызды тек жылы сумен жууға тырысыңыз, ыстық сумен жууға болмайды.
- Күндіз шашыңызды қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз.
- Үнемі қолданатын тарақ, сәндеуге арналған құралдарды да жууды ұмытпаңыз.
- Шашыңыздың балғындығын құрғақ сусабынмен сақтауды да ұмытпаңыз.
- Тұрақты боялған шаш аз ластанады. Әсіресе бояудан кейінгі алғашқы екі аптада.
А. Оралқызы