- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш сұлулығына арналған...
Шаш сұлулығына арналған пайдалы әдеттер
Кей қыздардың шашы табиғатынан қалың және жылтыр келеді. Бірақ сіз бұл қатарға жатпасаңыз, уайымдамаңыз: шаш күтіміне аса мән беру арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. Шашты қатайтуға көмектесетін және оны күтімді көрсететін бірнеше пайдалы әдетті ұсынамыз.
Басты күнде жумаңыз
Біреулер күнде бас жууды дұрыс әрі қалыпты санайды. Ал басқалары, керісінше, басты сирек, мысалы, аптасына бір рет жууды жөн көреді. Бұл сұраққа жекеше (өмір ырғағы, белсенділік, бас терісінің типі) қарауды ұсынамыз. Мысалы, күнде спортпен айналысатын болсаңыз, тершең болсаңыз және басыңыздың терісі майлануға бейім келсе, оны күнде жуған дұрыс. Ал басқа жағдайлардың барлығында басты аптасына екі немесе үш реттен жиі жумаған жөн.
Сусабынды көп құймаңыз
Бас жуған кезде сусабынды қаншалықты көп құйсаңыз, соншалықты жақсы деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, бұл қате пікір. Тазартушы сусабындар — жоғары құнарландырылған құралдар екенін ұмытпаңыз. Шашты толықтай тазарту үшін оның аз мөлшері де жетеді. Сусабынды қалай жағатыныңыз да маңызды: алдымен құралдың аз мөлшерін алақаныңызда көпіртіп алыңыз, содан кейін ғана онымен бас терісін жуыңыз.
Тек бас терісін жуыңыз
Шаш ұштарын да арнайы көпіртудің қажеті жоқ. Сол секілді шаштың барлық ұзындығына тағы сусабын құймаңыз. Тек бас терісін тазарту жеткілікті. Сабынды су шаш бетіндегі қалған ластықты шайып шыға алады.
Шаш үлгісін өзгертіп тұрыңыз
Қыздардың көпшілігі бір шаш үлгісіне үйреніп алады. Мысалы, жылдар бойы шашын тек түйіп жүреді, өріп жүреді немесе бір жаққа ғана қайырады. Бұл әдет шаш саулығына пайдалы емес. Одан шашқа күш түседі, ол сынады және созылып кетеді. Сондықтан басқа шаш үлгісін байқап көріңіз және шаштың қайырылатын жерін жиі ауыстырып тұрыңыз. Стильмен тәжірибе жасаудан қорықпаңыз.
Басты жылы суға жуыңыз
Басты тек жылы суда жуу керек. Ыстық су шаш сапасына жағымсыз әсер ететінін ұмытпаңыз: ол шашты сынғыш әрі әлсіз етеді. Шашты сусабынмен жуып болған соң оны салқындау сумен шаюға болады.
Жібек жастыққап қолданыңыз
Табиғи жібектің мінсіз тегістігі шаштың оның бетімен еш зақымдалмай, сырғанауына мүмкіндік береді. Бұл мата шашты ұйыстырмайды және электрлендірмейді.
Дұрыс аксессуарлар таңдаңыз
Қатты резеңкелерден және бекітпесі металл қыстырғыштардан бас тартыңыз. Олар шашты қатты тартады, сондықтан шаш созылады және бас терісіне түсетін қысым артады.
А. Жапатова