Шаш сәні: түйілген шаш

Күнделікті жасауға болатын шаш сәндерінің ішінде "ең оңай" деген атаққа ие бола алатын бұл шаш сәні сіздің де назарыңызда болуға тиісті. Қарапайым шаш сәнін дұрыс жасасаңыз, күні бойы сәнді де сымбатты көрініп, өзіңіздің ерекшелігіңізді байқатасыз. 

1-қадам  

Алдыңғы шаштарыңызды жоғары жағынан бөліп, айналдыра бастаңыз. Оған шетінен біркелкі шаш қосып отырып, самай бойымен құлақ артына қарай бағыттап айналдырыңыз.

 

 2-қадам

Оралған бұрымды көрінбейтін қара қысқыштармен бекітіңіз. Қысқыштың ортасын ашпай, оны  бұрымға ине сияқты шаншыңыз, осылайша бұрым қайта айналып кетпей ұсталады.

 

 4-қадам

Басқа жағынан да дәл солай қайталаңыз. Сізде осындай екі жуан бұрым шығады.

 

 5-қадам

Бұрымдарды соңына дейін айналдырыңыз. Шаш өзімен өзі оралып, түйіліп қалады. Нәтижені көрінбейтін қара қысқыштармен бекітіңіз.

 

 Түйілген шаш сәні дайын.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: Jennifer Avello/refinery29.com