Оңай әрі тез жасалатын шаш сәнінің бұл үлгісі қазіргі екі тренд: төмен буылған шаш пен өрілген шаштың қосындысы.
1-қадам: Егер шашыңыз толқынды немесе бұйра болса, шашты алдын ала түзулетіп алған дұрыс. Шашты төменірек жинап, шеткі шаштармен құлақтарды жауып байлаңыз.
2-қадам: Шаштан бір бұрым шашты бөліп, онымен байланған шашты ораңыз. Осылайша шашты байлаған резеңкені тығасыз. Ал сол бұрымды қысқышпен көрсетпей бекітіп қойыңыз.
3-Қадам: Байланған бұрымды екіге бөліп, бірінен кішкене шашты екінші жағына қосып отырыңыздар. Осылайша соңына дейін өріп, астын кішкентай резеңкемен буыңыз.
4-Қадам: Тағы бір рет шаштың кішкене бұрымын алып, резеңкені жасырыңыз. Оны да қысқышпен бекітіңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: refinery29.com