- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш сәні: төмен...
Шаш сәні: төмен өрілген шаш
Оңай әрі тез жасалатын шаш сәнінің бұл үлгісі қазіргі екі тренд: төмен буылған шаш пен өрілген шаштың қосындысы.
1-қадам: Егер шашыңыз толқынды немесе бұйра болса, шашты алдын ала түзулетіп алған дұрыс. Шашты төменірек жинап, шеткі шаштармен құлақтарды жауып байлаңыз. | |
2-қадам: Шаштан бір бұрым шашты бөліп, онымен байланған шашты ораңыз. Осылайша шашты байлаған резеңкені тығасыз. Ал сол бұрымды қысқышпен көрсетпей бекітіп қойыңыз. | |
3-Қадам: Байланған бұрымды екіге бөліп, бірінен кішкене шашты екінші жағына қосып отырыңыздар. Осылайша соңына дейін өріп, астын кішкентай резеңкемен буыңыз. | |
4-Қадам: Тағы бір рет шаштың кішкене бұрымын алып, резеңкені жасырыңыз. Оны да қысқышпен бекітіңіз. | |
Шаш сәні дайын! |
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: refinery29.com
С. А