Ұзын шаш сөзсіз әдемі көрініп, әр сұлу қыздың мақтанышы болады. Алайда кейде шашты жаңартып, тіпті қысқа қылып алып тастағың келеді. Сондай кездері өтірік боб каре шаш сәнін жасап көріңіз.
1-нұсқа
Төбе шаштарды қыстырып қойып, астыңғы қалған шашты екіге бөліп, әрқайсысын өріңіз. Өрілген шаштарды өзара бұрап, түйіп қойыңыз. Үстіңгі төбе шаштарды бұрымдарға бөліп, осы түйілген шашты қыстырғыштармен қадаңыз. Алдынан бірнеше қыстырғыштармен сәндеп қойсаңыз болады.
2-нұсқа
Төбедегі шашты үлкен плойкамен бұйралап, шашыңызды бос қылып өріңіз. Өрімді ішке қарай орап, шаштың астына қысқыштармен тығыңыз. Бірнеше алдыңғы шашты босатып, жіберіп қойыңыз.
3-нұсқа
Төбе шашты қыстырып қойып, сәнді жолақ тағып алыңыз. Астында қалған шашты жоғары қарай бұрап, жолаққа қыстырғыштармен бекітіңіз. Шоғары шашты да астыға қарай орап, қыстырыңыз. Нәтижесінде әдемі өтірік боб шаш сәні болады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: refinery29.com