Шаш сәні: Көтерілген шаш

Шаш сәні: Көтерілген шаш

Көтерілген шаш соңғы кезде ерекше танымалдыққа ие болды. Оның себебі көтерілген шаш кез келген шаш түрін көлемді етіп көрсетеді. Сән салонына бармай-ақ, өзіңізге өзіңіз жасап алатындай оңай бұл шаш сәні, көптеген жоғары жиналған, түйілген шаш сәндерінің негізі болып саналады.  

1-Қадам

Шашыңызды жуып, кептіріңіз. Таза шашты көтеру оңайырақ болады.

2-Қадам

Шашыңыздың жоғарғы жағынан бір бұрымын бөліп алыңыз. Асықпай, ұқыпты қылып шашыңызды кері бағытта тараңыз. Шаштың ұшынан бастап тарап, біртіндеп түбіне дейін жетіңіз. Қаншалықты шаш түбіне жақын тарағаныңыз қандай көлемді қалайтындығыңызға байланысты. Осылайша бірнеше бұрым шашты жоғары тарап қойыңыз.

 

3-Қадам

Егер шаш сәніңіз кеш бойы тұрсын десеңіз, не шашыңыздың қалыңдығы сонша, көлемі ауырлығынан түсіп қалып жатса, әр көтерген бұрымыңызды шашқа арналған лакпен бекітіп отырыңыз. 

4-Қадам

Сирек тісті жұқа не табиғи қылшығы бар жұмсақ тарақпен шашыңыздың үстін тарап қойыңыз. 

5-Қадам

Шашыңыздың жоғарғы жағын тарап, пішінін келтіріңіз. Алайда көлемін құртып қоймаңыз. Үстінен шашқа арналған лак шашып, шаш сәнін бекітіп қойыңыз. 

6-Қадам

Шашыңызды көтергеннен кейін қалағаныңызша жинап, түйіп не жайып қойсаңыз болады.

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vkus-k-zhizni.ru

С. А