Шаштары жұқа арулар шаш сәнін таңдауда талай қиындыққа кездеседі. Шашын түрліше жинағанда оның тым жұқа екені көрініп, жайғанда көлемі жетіспей тұрады.
Олардың айтуынша, өрілген шаштың өзі шаштың сәнін келтірмей, керісінше жұқалығын одан бетер көрсетеді. Алайда мына өрімнің түрі шашыңызды қалың қылып көрсетіп тұрады. Айта кететін жай - бұл 5 минутта жасалынатын, оңай шаш сәнін өзіңіз-ақ жасай аласыз.
Бұл өрім түрі дәстүрлі 3 шаш бұрымының өрімінен ерекше көрінеді. Және де түрлі өрімдердің арасында ең оңайы саналады.
Дайындаған: Сания Аринова