Үйде өзіңіз-ақ осындай ерекше, нәзік, көктемгі шаш сәнін жасап үйрене аласыз.
Бұндай шаш сәні жаңа жуылып, кепкен шашта онша жатпайды. Енді жуылған шаш бұртиып, өрімнен шығып кетеді, сондықтан бұндай шаш сәнін шаш жуғанға бір күн өткенде жасасаңыз болады.
1-қадам: шашыңызды жақсылап тарап, төртке бөліңіз. Әрқайсысын жоғары жаққа резеңкемен байлаңыз.
2-қадам: Әрқайсысын арқан өріммен өріңіз. Ол үшін шашты екіге бөліп, әрқайсысын сағат тілімен ораңыз. Екеуін өзара орап, соңын резеңкемен байлаңыз.
3-қадам: Енді өрімдерді айналдыра қысқыштармен бекітіңіз.
4-қадам: Шаш сәнін қолыңызбен түзеп, керек жерлерін сәл шығарып қойыңыз. Осылайша шашыңыз табиғи көрінеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: refinery29.com