Шашты бигудимен бұйралағанда бұйрасы ұзаққа сақталмайтыны белгілі. Сонымен қатар бигуди қолдану үшін бұл іске қолы жүретін кісі керек. Бигудисіз-ақ өзіңізге бұйра шаш жасағыңыз келсе, мына кеңесті пайдаланып көріңіз.
Бұндай шаш сәнін таза, құрғақ шашқа жасайды. Таңертең мінсіз бұйра шаш сәнімен ояну үшін, ұйықтар алдында жасап қойған дұрыс. Бұл шаш сәнін жасау үшін, плойка, кішкене маталар, шашқа арналған лак керек болады.
1-Қадам
Шашыңызды бес үлкен бұрымға бөліңіз. Үлкен плойка көмегімен оны ішке қаратып ораңыз.
2-Қадам
Плойканың қысқышын абайлап шешіңіз. Шаш бұрымын тарамаңыз, тарқатпаңыз.
3-Қадам
Дайындаған матаға шашқа арналған лак шашыратыңыз. Бұл матаға түнімен орнында қалуға, сондай-ақ таңертең оны оңайырақ босатуға көмектеседі.
4-Қадам
Матаны шаш орамының ортасынан өткізіп, байлап қойыңыз. Шаштың көлемді болғанын қаласаңыз, орамды бір аударып тағы да байлап қойсаңыз болады.
5-Қадам
Осылайша қалған шашты да орамдарға жинаңыз. Түнге қалдырыңыз. Бигудиге қарағанда бұл амал арқасында шашыңыз да бұйраланып, ұйқыңыз да қанады.
6-Қадам
Таңертең маталарды босатып, шешіңіз. Шашыңызды бір тарап, не саусақтармен сілкіп қойса болады. Шашты лакпен бекітсеңіз, бұл шаш сәні күні бойы осылайша сақталмақ.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com